AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Министр ЖЭО-ның жағдайы мәз емес қалаларды атады

Министр ЖЭО-ның жағдайы мәз емес қалаларды атады

Әлеумет 27.06.2023, 11:17 1,209
Министр ЖЭО-ның жағдайы мәз емес қалаларды атады
Сурет: Sputnik.kz

Елімізде жылыту маусымына дайындық барысында жылу электр орталықтарының жол картасы әзірленді.


Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Техникалық жай-күйі 90% дейін тозған жылу электр орталықтары бар. Негізі ол стансалар жаңаға ауыстырылу керек. Жылыту маусымына дайындық барысында елдегі бар жылу электр орталықтарының жол картасы әзірленді. Біз стансалардың қай қазандықтары, қандай турбиналар мен желілерін жөндеу керектігін білеміз. Риддер, Екібастұз, Жезқазған, Теміртау, Маңғыстау АЭК және Кентаудағы жылу электр стансаларының жағдайы мәз емес. Стансалар тозған, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет», - деді Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.



Министрдің айтуынша, аталған нысандарды жөндеу мәселесі бақылауда болады.


Одан бөлек, БАҚ өкілдері министрден «Алдағы жылыту маусымында екібастұздықтардың алаңдауына себеп бар ма?» деп сұрады.



«Мен Екібастұзға барып, ондағы жағдайды өз көзіммен көремін. Әкімдіктің, мемлекеттік энергоқадағалау ұйымының мәліметінше, ЖЭО-да жұмыс ойдағыдай жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстарына қажетті жабдық сатып алынды. Ондағы жағдайды танысқаннан кейін ғана айта аламын. Тамызда – Екібастұз жылу электр орталығына, шілдеде – Риддерге, ал ертең СҚО-ға барамын», - деді ведомство басшысы.



Сондай-ақ А. Сәтқалиев Екібастұз жылу орталығындағы жөндеу жұмыстарын қарашаға дейін бітіру керектігін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#министр #жэо #Қалалар #тозығы жеткен
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);