ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Министр елдегі қант бағасының қанша болу керек еке...

Министр елдегі қант бағасының қанша болу керек екенін айтты

Әлеумет 26.07.2022, 13:40 1,140
Министр елдегі қант бағасының қанша болу керек екенін айтты
Сурет: Ашық дереккөз
Кейбір әкімдіктер қантты өзіндік құнынан төмен бағамен де сатқан

Кейбір әкімдіктер қантты өзіндік құнынан төмен бағамен де сатқан 


Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елімізде қазір қант бағасы қанша болуы керек екенін айтты. Оның айтуынша, қант құрағы шамамен екі есе, 476 долларға дейін қымбаттаған. Логистика шығындары да 2,6 есе, 110 доллардан 290 долларға дейін өскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz kazbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.



«Бұл жағдай отандық қант зауыттарында құрақ қанттың өзіндік құнының өсуіне әкеп соқты. Бүгінгі таңда зауыттар 1 келі қантты 450 теңгеге сатады. Бұл ретте көтерме және бөлшек сауда сатушылары қосатын 15% үстеме бағаны ескерсек, қанттың ең төмен бағасы шамамен бір келісі 595-600 теңге болуы қажет», — деді Қарашөкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.



Ол бағаны тұрақтандыру жөніндегі шаралар аясында өңірлердің тұрақтандыру қорлары қантты төмен бағамен сатып жатқанын атап өтті. Ал бұл дүрбелең мен үлкен сұранысқа алып келіп жатыр.


Айтуынша, кейбір әкімдіктер қантты өзіндік құнынан төмен бағамен де сатқан. Мысалы, Павлодар облысы тұрақтандыру қоры қантты 448 теңгеге сатып алып, 416 теңгеге, ал Қызылорда облысы 450 теңгеге сатып алып, 370 теңгеден сатқан. Алматы облысы қантты 276 тг/кг, Ақтөбе облысы 363 тг/кг, Маңғыстау облысы 400 тг/кг сатқан.



«Әкімдіктердің осы іс-әрекеті дүрлікпе сұраныс пен әлеуметтік шиеленістің туындауына әкеп соқтыруда», — деді министр. Ведомство басшысы ішкі нарықта коммерциялық қанттың көлемі жеткілікті екенін мәлімдеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.