Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Министр дәрігерлерге эмпатия жетіспейтінін айтты

Министр дәрігерлерге эмпатия жетіспейтінін айтты

Әлеумет 28.02.2023, 05:52 819
Министр дәрігерлерге эмпатия жетіспейтінін айтты
Сурет: ашық дереккөз

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бүгін өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 



Айтуынша, онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсету бойынша бірқатар негізгі проблемалар бар.   



Біріншіден, халықтың салауатты өмір салтын ұстануының төмендігі. Темекі шегу, дұрыс тамақтанбау сияқты қауіп факторлары обырдың белгілі бір түрлерінің дамуына әсер етеді. Халықтың бір бөлігі тұрғылықты жері бойынша емханаларда онкоскринингтен өтуге бармайды, бұл скринингтер обырды ерте диагностикалау және ісік алды ауруларын анықтау үшін өте маңызды. Онкологиялық аурулардың дамуында экологияның әсері де көп. Осыған байланысты қоршаған ортаны қорғау және еңбек жағдайларының қауіпсіздігі жөніндегі шараларды күшейту талап етіледі, - деп атап өтті ведомство басшысы.



Сонымен қатар министр диагностика мен емдеуге арналған медициналық жабдыққа қолжетімділіктің болмауына және кадр мәселесіне байланысты барлық өңірлерде онкологиялық көмек бірдей және жүйелі емес деп отыр. 



Қолданыстағы сәулелік терапия аппараттарының паркі 50 пайызы ескірген. Мысалы, Атырау облысында 1968 жылы шыққан аппарат қолданылады. Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ұлытау, Жетісу, Қызылорда облыстарында осындай аппараттар жоқ. Өңірлерді диагностикалық және зертханалық жабдықтармен қамтамасыз ету төмен. Ақмола, Қостанай, Қызылорда облыстарының және Астана қаласының онкология орталықтарында КТ және МРТ аппараттары жоқ, - деді Ажар Ғиният.



Белгілі болғандай, лапароскопиялық, интервенциялық жабдықтардың болмауына байланысты хирургиялық емдеу мүмкіндіктері шектеулі. 



Онкология орталықтары ғимараттарының жартысы радиологиялық және операциялық-реанимациялық жабдықтарды орнату үшін заманауи талаптарға сәйкес келмейді. Онкологиялық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде кадрлар тапшылығы орын алған. Диагностика мен емдеудің жаңа технологияларын енгізу бойынша мамандарды, оның ішінде физиктер, химиктер мен медицина саласындағы инженерлер жетіспейді. Тағы бір айта кетерлігі, жеке ғылыми база жеткіліксіз, заманауи технологиялар саласында жеке ғылыми әзірлемелер аз. Медициналық көмек көрсету сервисінің деңгейі төмен. Медицина қызметкерлерінің пациенттер мен олардың туыстарына жанашырлық, аяушылық (эмпатия) сезімі жетіспейді, - деді министр. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Эмпатия #министр #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.