AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Министр "БАҚ туралы" жаңа заң жобасында біршама жа...

Министр "БАҚ туралы" жаңа заң жобасында біршама жаңашылдық барын айтты

Әлеумет 26.10.2022, 06:50 1,208
Министр "БАҚ туралы" жаңа заң жобасында біршама жаңашылдық барын айтты

Медиасауаттылық ұғымын ұлғайтқан дұрыс.


ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі AstanaMediaWeek дәстүрлі халықаралық форумында Қазақстанда медиасауаттылықты арттыруға арналған мектептер ашылатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Фейкньюсті аудиторияны сенімді ақпаратты тани білуге машықтандыру арқылы ғана азайта аламыз деп ойлаймын. Осындай кезде ойымызға дезинформациямен күресудің бір жолы ретінде аудиторияны жалған мен шын ақпараттың ара жігін ажыратуға үйрету, яғни медиасауаттылық ұғымын ұлғайту дұрыс деп санаймыз. Жеке медиа, инфлюсер не редакциялар сөз жауапкершілігін, ақпараттың алдындағы, оның салдарынан болатын салмақты сезінуі тиіс. Бұл орайда салаға жауапты министрлік ретінде медиамектептер ашу, оның ішінде медиасауаттылық бойынша білім беру – біздің тікелей міндетіміз», - деді Дархан Қыдырәлі.



Айтуынша, аталған бағытта бірлесіп қолға алатын бірқатар іс-шара бар.



«Фактчекинг, ақпаратты саралау, оның шығу төркінін тексеру, таратпас бұрын белгіленген критерилерден өткізу секілді бірнеше сатыдан тұратын оқыту жүйесін ұйымдастыруымыз керек. Бұл орайда жуырда жаңаруы көзделіп отырған массмедиа туралы заң жобасында біршама жаңашылдық болмақшы. Ақпаратқа қол жеткізу, журналистердің мәртебесін көтеру, кәсіби құзыретін арттыру секілді біршама өзгерістерді жоспарлап отырмыз», - деді министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#заң #медиасауаттылық #Қазақсан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);