конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Министр Ажар Ғиният МАГАТЭ басшысымен кездесті

Министр Ажар Ғиният МАГАТЭ басшысымен кездесті

Медицина 18.04.2023, 20:30 1,172
Министр Ажар Ғиният МАГАТЭ басшысымен кездесті
Сурет: Ашық дереккөз

Ядролық медицина


Бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният шетелдік әріптестермен өзара ынтымақтастықты тереңдету мәселелері бойынша бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) Бас директоры Рафаэль Мариано Гросси мырзамен әңгімелесу барысында министр өзара сенімге негізделген МАГАТЭ-мен денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.


Келіссөздер барысында тараптар ZODIAC (зооноздық аурулар) бағдарламасы, "Rays of hope" (үміт сәулелері) бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін қоса алғанда, Қазақстан мен МАГАТЭ ынтымақтастығының негізгі векторларын және басқа да бағыттарды талқылады.


Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы бұған дейін МАГАТЭ-мен әріптестікті кеңейту мүмкіндіктері қарастырылғанын және ZODIAC бағдарламасын іске асыру мақсатында ынтымақтастықты жандандыру қажет төрт негізгі бағыт айқындалғанын еске салды. Бұл бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, кадрлар даярлау, биоқауіпсіздік саласында ақпарат алмасу, жабдықтар мен реактивтерді сатып алу болды.


Ажар Ғиният МАГАТЭ-дегі әріптестерін ядролық медицина технологияларын пайдалана отырып, қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін әзірлеу және клиникалық практикаға енгізу бөлігінде бірлескен ынтымақтастық мәселесін қарауға шақырды.


Ядролық медицина радиоактивті изотоптарды қолдану арқылы диагностика мен емдеудің заманауи бағыттарының бірі болып табылатыны белгілі.


Бүгінгі таңда ҚР аумағында 10 ПЭТ/КТ аппараты бар 7 ядролық медицина орталығы жұмыс істейді. Екі жыл бұрын Қазақстанда Семей қаласында алғашқы Ядролық медицина және онкология орталығы ашылды. Бұл орталықтың жұмыс қағидаты әртүрлі ауруларды диагностикалау және емдеу үшін радиофармацевтикалық препараттарды қолдану болып табылады. Сонымен қатар, аталған орталықтың негізінде циклотрон іске қосылды, ол қысқа өмір сүретін радиофармацевтикалық препараттардың жеке өндірісін және ПЭТ/КТ зерттеулерін жүргізуге мүмкіндік береді.


Әрі қарай А. Ғиният денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаларды талқылау мақсатында "MEDEF International" француз бизнес-делегациясының өкілдерімен келіссөздер жүргізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#МАГАТЭ #министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 17:49

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28

Бұл жай ғана дауыс беру емес: Алматыда жастар арасында жаңа электоралдық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);