AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Миллиардтар жұмсалғанымен, нәтиже жоқ

Миллиардтар жұмсалғанымен, нәтиже жоқ

Қаржы 11.12.2024, 11:03 1,092 Bakyt
Миллиардтар жұмсалғанымен, нәтиже жоқ
Сурет ЖИ

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Мәжілісте ауыл шаруашылығы саласына жүргізілген тексерудің нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Анықталған бұзушылықтар таң қалдырарлық. Экономикалық маңыздылығы жоғары сала болғанына қарамастан, ауыл шаруашылығының ЖІӨ-дегі үлесі өте төмен – орта есеппен небәрі 5%.

Себептері неде? Негізгі себептер қатарында төмен өнімділік, суармалы жерлердің баяу өсуі, суды тиімсіз пайдалану, тасымал-логистика инфрақұрылымының әлсіз дамуы, материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі және тағы басқалары атап өтілді.

«Соңғы бес жылда бюджеттен субсидиялауға шамамен екі триллион теңге бөлінді. Алайда, жүйелік мәселелер олардың тиімділігін шектеп тастады. Бірінші себеп – стратегиялық жоспарлаудың олқылықтары мен саланы дамытудағы сабақтастықтың болмауы. Соңғы 10 жылда Ауыл шаруашылығы министрлігі бірнеше бағдарламалық құжаттарды қабылдады. Бірақ олардың көбі аяқсыз қалды. Құжаттардың барлығы жүзеге асу барысында, орта жолда күші жойылды немесе аяқсыз қалды», – деп атап өтті Смайылов.

Қызығы неде? Миллиардтар жұмсалғанымен, нәтиже қайда? Әлихан Смайылов бұл қаржының үлкен бөлігінің тиімді пайдаланылмағанын және мемлекет алдағы жоспарлау мен субсидиялау жүйесіне шұғыл түрде өзгерістер енгізуі қажет екенін қадап айтты. «Шешімдер қағаз жүзінде қалды, енді нақты әрекет қажет», – деді ол.

Еліміздің ауыл шаруашылығындағы ауқымды мәселелер тек қаржылық емес, стратегиялық жоспарлаудағы кемшіліктерден де туындағаны анық. Ал бұл – саладағы жағдайды түбегейлі өзгерту қажеттігінің дабылы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлихан Смайылов #экономика #Субсидия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);