AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Микро және шағын бизнес үшін салық жүктемесін азай...

Микро және шағын бизнес үшін салық жүктемесін азайту ұсынылды

Қаржы 21.09.2022, 10:33 1,668
Микро және шағын бизнес үшін салық жүктемесін азайту ұсынылды
Сурет: Turkystan.kz

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Салық кодексіне» өзгертулер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.


Қазір еңбекақы қорынынан бірнеше төлемдер жүргізіледі. Енді олар бір төлемге біріктірілуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ал әлеуметтік аударымдарды жеке табыс салығы есебінен төмендету көзделіп отыр. Құжатта жеке тұлғалардың банкроттығы кезінде салық салу мәселесін реттеу де қарастырылған.


Еске салайық, былтыр Мемлекет басшысы Жолдауында жиынтық жүктемені азайтып, микро және шағын бизнес үшін еңбекақы төлеу қорынан алынатын бірыңғай төлемді енгізуді тапсырған.



«Қосымша құн салығын, әлеуметтік салықты бөлек-бөлек төлейтін болса, соның барлығы біріктіріліп, және төмендетіледі. Салықтың барлық жиынтықтарын қоссақ, шағын және микро кәсіпорындар 37 пайызға дейін төлейді. Жаңа барлығын біріктіріп келгенде 21,5 пайызға дейін төмендетіледі», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшар.



Балық өңдеушіге қосылған құн салығын 70 пайызға азайту туралы норма ұсынылып отыр. Қазір мұндай жеңілдікті балық өсіруші қожалықтар қолданады. Сонымен қатар қант өндірісін ынталандыру үшін қант құрағы импортын қосылған құн салығынан босату да қарастырылады. Олар үшін бұл салық бойынша жеңілдікті ұзарту да ұсынылды. Депутаттар құжатты бірінші оқылымда мақұлдады. Екінші оқылым екі апта ішінде болады. Жалпы, мұндай жеңілдіктерді келер жылдан бастап енгізу жоспарланып отыр.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Микро #шағын бизнес #салық жүктемесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);