Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Михаил Шайдоровтың тарихи костюмі Олимпиада мұража...

Михаил Шайдоровтың тарихи костюмі Олимпиада мұражайына қойылды

Спорт Бүгін 16:15 27
Михаил Шайдоровтың тарихи костюмі Олимпиада мұражайына қойылды
Сурет: Olympic.kz

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында еркін бағдарламада киген костюмін Олимпиада мұражайына табыстады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Салтанатты рәсім Италияның Милан қаласындағы Конькимен жүгіру спорты үйінде өтті. Іс-шараға Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының президенті Ким Чжэ Ёль, Олимпиада мұражайы директорының орынбасары Ясмин Майхтри, сондай-ақ, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин қатысты. ҚР ҰОК басшысы Шайдоровтың жеңісі Қазақстан мәнерлеп сырғанауының тарихындағы алғашқы олимпиадалық алтын медаль екенін атап өтті.

"Бұл жай ғана жеңіс емес - бұл тарих. Бүгін сол тарихтың бір бөлігі мәңгі осында қалады. Костюмнің Олимпиада мұражайына тапсырылуы миллиондаған адамға чемпионымыздың мұрасын көруге мүмкіндік береді. Бұл костюм жас спортшылардың арманға ұмтылып, өзіне сенуіне ықпал етіп, жігерлендіреді. Михаил, осы сыйлығың үшін рақмет. Біз сені мақтан тұтамыз”, – деді Геннадий Головкин.

Михаил Шайдоров бұл оқиғаның өзі үшін айрықша мәні бар екенін айтты.

"Костюмімді Олимпиада мұражайына тапсыру – мен үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Бүгін осында тұрып, арманымның бір бөлігі әлемдік олимпиадалық мұраға айналатынына қуаныштымын. Бұл костюм – олимпиадалық арманға бастаған жолымыздың нышаны. Енді оның Қазақстан атынан әлемдік олимпиадалық қозғалыс жәдігерлерінің қатарында орналасуы мен үшін ерекше мәнге ие. Ол олимпиадалық арманның шекарасы жоқ екенін, әрбір спортшы үлкен олимпиадалық тарихтың бір бөлігі бола алатынын білдіретін нышанға айналсын. Халықаралық Олимпиадалық комитетке қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын”, - деді Шайдоров.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров бұл костюммен Олимпиадаға дейін Гран-при финалында да өнер көрсеткен. Алайда төртжылдықтың басты додасына дейін киім қайта толықтырылып, жетілдірілді. Қазақстандық дизайнерлермен бірге спортшы ғарыш кеңістігін бейнелейтін қанық көк түсті таңдаған. Бұл түс «Бесінші элемент» фильмінің тұтас атмосферасын айқын көрсетеді. Дизайны жұлдыздарды еске түсіретін шыны әшекейлер және тастармен толықтырылған.

Еске сала кетейік, Михаил Шайдоров Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан алтын медаль жеңіп алып, тәуелсіз Қазақстан тарихында қысқы спорт түрлерінен шыққан екінші Олимпиада чемпионы атанды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Михаил Шайдоров #Мұражай #костюм #сый
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Referendum2026: Әлеуметтік желіде жаңа Конституцияны қолдағандар саны 88 мыңнан асты

Бүгін 17:01

Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы тұңғыш рет қазақ тілінде сахналанды

Бүгін 15:42

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Бүгін 15:18

Кунг-фу панда бейнесі: Джеки Чан Шайдоровтың өнеріне сүйсінді

Бүгін 14:35

Танымал жеміс ішек қорғанысын күшейтеді: ғалымдар құрманың жаңа қасиетін анықтады

Бүгін 14:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі