Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / МЕТРО, ЛРТ және БРТ – Алматы әкімдігінде қаланың қ...

МЕТРО, ЛРТ және БРТ – Алматы әкімдігінде қаланың қоғамдық көлігі қалай дамитынын айтып берді

Әлеумет 19.07.2024, 14:47 995
МЕТРО, ЛРТ және БРТ – Алматы әкімдігінде қаланың қоғамдық көлігі қалай дамитынын айтып берді
Сурет: almaty-akshamy.kz

Қалалық мобильділік басқармасы- Алматыда қоғамдық көлікте  жаңа тарифтік  ұсыным әзірленуде

VIII сайланған Алматы мәслихатының кезектен тыс XXI сессиясы барысында депутаттар жол жүру құнын 120 теңгеге дейін арттыруды көздейтін әкімдік қаулысының жобасын қарады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Аталған мәселені талқылау барысында депутат Алтынай Көбеева жол жүру тарифінің көтерілуі жолаушылар үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтіп, қалалық мобильділік  басқармасы басшысынан қаланың қоғамдық көлігі қалай дамитыны туралы толық айтып беруін сұрады. 

Өз кезегінде Сағындық Телібаев бүгінгі тарифтің көтерілуі бірінші кезекте қоғамдық көлікке техникалық қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасына, жүргізушілерді қосымша ынталандыруға және қазіргі уақытта жаңа автобустар сатып алуға оң әсер ететінін хабарлады. 
 
«Нормативтік өзгерістерсіз одан әрі дамыту мүмкін емес. Осыған байланысты, біз қолданыстағы заңнамаға толықтырулар енгізуге бастамашылық жасадық және бүгінгі таңда қала әкімдігі Алматы және Алматы агломерациясы аумағында қолданыстағы субсидиялау қағидаларын әзірлеу құзыретіне ие. Біз қоғамдық көліктің жаңа реттеуші моделін әзірлеп жатырмыз, оның аясында субсидиялау тетіктері мен тасымалдаушыларға қойылатын талаптар қайта қаралатын болады. Сонымен қатар,  көліктен екіншісіне тегін ауысып отыру  мүмкіндігі бар жаңа тарифтік ұсыным әзірленуде. Аталған шараларды іске асыру тасымалдаушылардың жауапкершілігін арттырады, сондай - ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын айтарлықтай жақсартады», - деп атап өтті ҚМБ-ның басшысы.

Сонымен қатар, ол өткен жылдың желтоқсан айында қабылданған Көлік қаңқасының негізі жылдам қоғамдық көлік - Метро, ЛРТ және БРТ болып табылатынын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде «Қалқаман» метро станциясының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде, содан кейін метроны «Барлық» базарына дейін ұзарту, тағы 3 жаңа станция салу жоспарлануда.

«Биылғы жылы біз Райымбек даңғылы бойынша БРТ-ның бірінші учаскесін салуға және Желтоқсан көшесі бойынша Тимирязев көшесінен Райымбек даңғылына дейін БРТ-ны жалғастыруға кірісеміз. Сондай-ақ, Төле би көшесі бойынша ЛРТ құрылысына ТЭН (техникалық  экономикалық негіздеме) әзірлеу жалғасуда. Аталған жобаларды іске асыру қоғамдық көлікті дамытуға оң әсер етеді, қала тұрғындары үшін қозғалыс ыңғайлы болады», - деп қорытындылады Сағындық Телібаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы Мәслихаты #жол жүру тарифі #мобильділік  басқарма
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.