AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Мерейтойлық даталарға орай Есік қаласында белгілі...

Мерейтойлық даталарға орай Есік қаласында белгілі тұлғалар бейнеленген муралдар салынды

Өмір-өзен 18.06.2021, 09:29 3,072
Мерейтойлық даталарға орай Есік қаласында белгілі тұлғалар бейнеленген муралдар салынды
Сурет: Gov.kz.

Алматы облысында мерейтойлық даталарға дайындық жүріп жатыр


 Алматы облысында мерейтойлық даталарға байланысты жыр алыбы Жамбыл Жабаев пен Мұқағали Мақатаев, сол сияқты мемлекет қайраткері Дінмұхаммед Қонаев бейнеленген муралдар пайда болды. Суреттер Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы көп қабатты үйлердің қабырғаларына салынды, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарына сілтеме жасап. 


Аудан әкімдігінің мәліметі бойынша, акция ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Ж.Жабаевтың 175 жылдығы мен М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналып отыр. Муралдар қазақ тарихында сүбелі еңбегі бар тұлғаларды  ел жадында жаңғырту мақсатында салынды. 


Бұл шығармашылық жұмысты бұған дейін Алматы облысы мен Алматы қаласында үй қабырғаларына 50-ден астам бейнелер салған суретші Александр Романов орындады. Ол - ойшыл ақын Абай Құнанбайұлының, хан батыры атанған Қабанбайдың муралдарын бояуымен бейнелеген танымал суретші. Бұл суреттер Алматы облысы Үшарал қаласындағы көп қабатты үйлердің қабырғаларынан көрініс тапқан. Енді Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Ә.Жақанбаевтың қолдауымен қылқалам шеберінің көшедегі суреттері Есік қаласының биік үйлерінің қабырғасына көрік беріп тұр.


Атап өтсек, қабырғадағы суреттерге шебер 265 сағатын және 60 кг бояу жұмсаған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пожарные #авария #Алматы #котельная #Қазақстан #Алматы #мерей той
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);