ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Көрме / Мерейтойға арналған маңызды көрме

Мерейтойға арналған маңызды көрме

Көрме 11.10.2021, 14:43 1,813
Мерейтойға арналған маңызды көрме
inform.kz
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын атап өту аясында Сингапурда қала тұрғындары мен туристтер арасында кеңінен танымал «Gardens by the Bay» (Шығанақтағы бақтар) саябағында...

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын атап өту аясында Сингапурда қала тұрғындары мен туристтер арасында кеңінен танымал «Gardens by the Bay» (Шығанақтағы бақтар) саябағында «Tulipmania 2021» атты тақырыптық көрме өтуде. Бұл туралы almaty-akshamy.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.


Салтанатты шараға Сингапурдың Парламенті, академиялық және іскерлік ортаның, дипкорпустың, қазақ диаспорасының өкілдері мен жергілікті азаматтар қатысты. Іс-шараның құрметті қонағы Сингапурдың Премьер-Министр кеңсесіндегі Министр, Екінші қаржы министрі және Екінші ұлттық дамудың министрі Индрани Раджа болды.



«Gardens by the Bay» саябағында өткізілетін жыл сайынғы көрме - Сингапурдың мәдени күнтізбесіндегі маңызды оқиға. Еліміздің мәдени мұрасы мен табиғи көрікті жерлеріне арналған биылғы көрменің тақырыбы – «Тюльпаномания» кездейсоқ таңдалмады: қызғалдақтардың отаны – қазақ даласы екенін білетіндер аз. Ол жерден ежелгі уақытта бұл ерекше гүл Еуропаға әкелініп, кең танымалдыққа ие болды. Саябақтың атқарушы директоры Феликс Лоу пандемия кезіндегі қазіргі карантин шектеулеріне қарамастан, бағалаулар бойынша көрмеге 100-ден 200 мыңға дейін сингапурлық және өзге де шетелдік туристер келетініне сенім білдірді.


Осындай ауқымдағы іс-шара екіжақты ынтымақтастық тарихында алғаш рет Сингапурда өткізіліп отыр.



Мерейтойлық оқиғаның құрметіне аралдың орталық ауданында орналасқан 101 га алаңдағы «Gardens by the Bay» саябағында Ұлы Жібек жолының дәстүрлі базарлары қайта жаңғыртылды, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің макеті салынды, дәстүрлі қазақ киіз үйі орнатылды. Халықаралық көрмеде ұсынылған түрлі этнографиялық материалдар, қазақ тұрмысының заттары сол заманның рухын көтеруге көмектеседі.



Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі Аркен Арыстанов көрменің екі ел арасындағы өзара қарым-қатынас жылнамасында өз ізін қалдыратынына және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты ілгерілетуге ықпал ететініне, сондай-ақ Жібек жолының маңызды буыны ретінде Қазақстанның туристік танымалдылығын, бай мәдени, рухани және табиғи мұрасы бар ел ретінде ілгерілетуге маңызды үлес қосатынына сенім білдірді.


Көрмені ұйымдастыруға Сингапурда тұратын қазақстандық диаспора өкілдері елеулі үлес қосты. Ішкі жабдығы бар қазақ киіз үйін осы көрме үшін «Шеберлер ауылы» отандық компаниясының мамандары арнайы жасап, ұшақпен жеткізді.


Қазақстандық музыканттардың орындауындағы ұлттық әуендер концерті ашылу салтанатына қатысқан қонақтардың жоғары бағасына ие болды.


Көрме 14 қарашаға дейін жалғасады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.