Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мердігер ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі сақтала ма?

Мердігер ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі сақтала ма?

Әлеумет 10.03.2023, 15:31 838
Мердігер ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі сақтала ма?
Сурет: ашық дереккөз

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов «Самұрық-Қазынаның» тапсырысын орындаушы мердігер ұйымдар еңбек қауіпсіздігін сақтамайтынын проблема етіп көтерді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.



«Самұрық-Қазына» компаниялар тобында еңбек қауіпсіздігі жөнінде жұмыс шынымен жүргізіліп жатыр. Бірақ бұл жұмыс оның мердігер ұйымдарында жүргізілмейді. Мысалы, мен елдің бас еңбек инспекторы ретінде жұмыс бабымен «ҚазАтомӨнеркәсіптен» басқа салалардың бәрін аралап шықтым. Ондағы ахуалды өз көзіммен көрдім деуге болады. 2020 жылы біз Еңбек кодексіне вертикалды бақылау туралы норманы жайдан-жай енгізген жоқпыз. Бірақ ол норманың тек құрылыс алаңдарына ғана қатысы бар. Ал «Самұрық-Қазына» өзінің ішкі құжаттарымен өзіне тиесілі кәсіпорындардағы жағдайды ішкі бақылау арқылы реттейді. Дегенмен бұл норма қазіргі таңда соншалықты жақсы жұмыс істеп жатқан жоқ. Соның салдарынан былтыр бірнеше қайғылы оқиға болды», - деді ол.



Ведомство өкілі мердігер ұйымдармен келісімшарт бір жылға ғана жасалатынын еске салды.



«Біз мердігер ұйымдармен келісімшарт бір жылға ғана жасалатынын білеміз. Бұл жұмыс берушіге еңбек қауіпсіздігіне ақша салуға мүмкіндік бермейді. Мына жерде еңбек қауіпсіздігіне 1 пайыз ғана қаражат бөлу аз ба, көп пе деген сауал қойып жатырсыздар. Оның өзі «Самұрық-Қазына» компаниялар тобындағы кәсіпорында ғана сақталады. Ал мердігер ұйымдарда осы 1 пайыз да бөлінбейді. Өйткені оларға тендерге қатысу үшін демпинг жасау керек, айлықты көбейту керек. Сондықтан мердігер ұйымдарда техника жаңартылмайды. Бүгінгі таңда «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында келісімшартты кем дегенде 3 жылға бекіту мәселесі қаралып жатқанын білем. Егер осы жұмысты аяғына жеткізсе, тек қана компаниялар тобында емес, мердігер ұйымдарда да өндірістік жарақат азаяр еді деп ойлаймын», - деді Төлеген Оспанқұлов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#еңбек #қауіпсіздік #Мердігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.