AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Менің елім – Қазақстан!

Менің елім – Қазақстан!

Барлығы 29.10.2025, 11:15 614 Дина
Менің елім – Қазақстан!
сурет: автордан

Әр елдің байтақ жері, көк аспаны, тарихы, өткені мен болашағы бар. Біз қазақ елі осының барлығымен мақтана аламыз. Халқымыз: "Әркімнің туған жері - Мысыр Шаһары" дегендей, оның әр тау-тасы, өзен-көлі мен ну-тоғайы, әсем қалалары жанымызға ең жақын, ең ыстық. Үлкен қалаларда білім алып, қызмет жасап, арман қуып жүрген жастардың болашаққа деген үміттері зор.   2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды.

Президент тиісті Жарлыққа қол қойды. Бастама жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттауды көздейді. Еліміздің экономикасының тұрақты дамуында жұмысшы мамандардың үлесі орасан зор. Елдің өндірістік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және көлік салалары дәл осы мамандардың біліктілігі мен еңбегіне сүйенеді. Шикізат өндірісі мен өңдеу өнеркәсібі, энергетика, инфрақұрылымдық жобалар жұмысшы мамандықтарысыз мүмкін емес. Осы орайда Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі жастарының да қосып жатқан үлесі аз емес. «Жұмысшы мамандар» жылының жариялануы ел ішінде үлкен қолдауға ие болды. Қоғам өкілдері, кәсіпорын басшылары, салалық қауымдастықтар мен жастар бұл бастаманы құптап отыр. Әсіресе, колледжімізде білім алып жатқан студенттеріміздің өздері таңдаған мамандықтарына деген  қызығушылығының артуы, болашақ мамандардың сапалы жұмысшы болуына оң нәтиже бермек.

Әр жыл тарихтың жаңа парағын ашып, әлемдік және ұлттық деңгейде маңызды оқиғаларды еске түсіруге мүмкіндік береді. 2025 жыл – жаһандық тарих пен мәдениет үшін ерекше жыл, себебі бірқатар ірі тарихи оқиғалардың, ұлы тұлғалардың мерейтойлары мен қоғам үшін маңызды күндер ескерілді. Бүгінгі күнде колледж ұжымы «Республика күнінің» 25 жылдығын қала көлемінде атап өтті. Іс-шараға  Алматы қаласы Білім басқармасынан  Жұмағұлова Гүлхан Әлімханқызы және Наурызбай ауданы колледждерінен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Іс-шара тақырыпты тереңнен қозғады. Елім деп еңіреген хан, батырлармен басталып, 21 ғасырға дейінгі Қазақ жерінде болған барлық оқиға қамтылды. Өзіміз үшін де, жастар үшін де жүректі тебірентер, патриоттық рухты оятар кеш болды.

Алматы энергетика және жаңа технологиялар колледжі

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Мұхтар Мейіржан Айболұлы

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);