Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / МЕН СЕНІ СҮЙЕМ, ӨМІР!

МЕН СЕНІ СҮЙЕМ, ӨМІР!

Әлеумет 16.11.2024, 13:32 1,184
МЕН СЕНІ СҮЙЕМ, ӨМІР!
Қайрат Қоныспаев

13 қараша - Халықаралық зағиптар күні.  

Алматыда зағип жандар арасында қалалық ән байқауы өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қоғамда көз жанарынан айырылса да, мүмкіндігі шексіз талай жан бар. Бүгін сондай азаматтардың қатысуымен “Мега” ойын-сауық орталығында ән байқауы ұйымдастырылды.

Іс-шараны Алматы қалалық «Қазақстан зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен өткізіп отыр.

Шығармашылық сайысқа қаладағы көру қабілеті бұзылған және нашар көретін жандар қатысып, олардың өнерін кәсіби қазылар алқасы  бағалады. Байқау талабы бойынша әр қатысушы 2 әннен, оның бірі қазақша ән орындады. 16 қатысушының әндері де Отан, туған жер, Алматы тақырыптарында болды.  Арнайы музыкалық білімі болмаса да, шеберлікпен шырқап шықты. 

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов "Алматы - тең мүмкіндіктер қаласы"қағидасын жүзеге асырып, қаламызда инклюзивті ортаны қалыптастыруда осындай шаралардың маңызы зор екенін атап өтті. 

Байқау қатысушыларының бірі - Мереке Жұмабекованың көзі туғанынан көрмейді. Бүгінде ол Қазақ спорт және туризм академиясының 4-курс студенті.  Мұндай байқауға алғаш рет қатысып отыр. 
“Қаладағы зағиптар қоғамы осындай шараларды жиі ұйымдастыратынын еститінмін. Осы жолы маған да қатысуға ұсыныс жасады. Ән айтқанды жақсы көремін. Сол үшін де қуана қабыл алдым. Байқауда Роза Рымбаеваның “Куә бол” және Жазира Байырбекованың орындауындағы “Армансыз күнім болмайды” әндерін орындадым”, - дейді Мереке. 


Алматы қалалық «Қазақстан зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алтынай Қоңыратбайқызы: “Іс-шараның мәні - тек шығармашылық жарыс емес, инклюзияны қолдау, көру қабілетінен айырылған жандардың қоғамдағы рөлін күшейту” деді. 


“Осындай байқаулар зағип жандардың қоғамға енуіне, өнерін шындауына, дамытуына үлкен үлес қосатынына сенеміз. Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан үлкен қолдау болып,  іс-шараны ұйымдастырып отырмыз. Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндігін шексіз етіп, басқалар сияқты өздерінің құқығы тең болуы үшін жасалып жатқан амал. Бұл да инклюзиялық орта құруға бір қадам деп айтуға болады. Алматы қалалық «Қазақстан зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мыңнан астам мүшесі бар. Сол жандардың басын қосып, әлеуметтік жағдайына көмектесіп тұрамыз. Төрт қабырғаның ішінде отырып қалмай, қоғаммен араласуына жағдай жасаймыз”,- дейді ол. 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зағип #ән #байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.