AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мен қазақ қыздарына қайран қалам...

Мен қазақ қыздарына қайран қалам...

Әлеумет 08.09.2023, 15:30 1,267
Мен қазақ қыздарына қайран қалам...
Almaty-akshamy.kz

Алматы әкімі автобуста зейнеткерге араша түскен қызды марапаттадв, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 15 жастағы Жаннұр Нұржанға қоғамдық көлікте қарияға көмек көрсету кезіндегі мейірімділігі, батылдығы үшін грамота мен естелік сыйлық табыс етті.


«Сіз түсірген бейнені әлеуметтік желіден көрдім және көптеген алматылық сияқты бұл оқиға мені де бей-жай қалдырмады. Бір жағынан, жолаушылардың әрекетіне қынжылдым, ал екіншіден, сіздің әрекетіңізге риза болып, өзіңізбен мақтандым. Ересек адамның өзі мұндай қадамға барып, көпшілікке қарсы тұруға батылы бармас еді. Біздің Президентіміз айтқандай, Әділетті Қазақстанды жауапты әрі адал азаматтар ғана құрады. Сіз жоғары жауапкершілік таныттыңыз. Мұндай жастар барда, болашаққа деген сенім бар», - деді әкім кездесуде.


Айта кетейік, қамқор жасөспірімнің іс-әрекеті қазақстандықтардың жүрегін жаулады. Алматы қаржы-экономикалық колледжінің 2-курс студенті өзін қолдағандарға алғыс айтып, барлық адамға қамқорлық көрсетуге шақырды.


«Ол адамның орнында менің атам болуы мүмкін еді деп ойладым. Сол себепті басқаша әрекет ете алмадым. Қарт адамды сөзбен қорлағанына, кемсіткеніне шыдай алмадым. Өзім атаммен бірге тұрамын, оған әрдайым қамқорлық, сыйластық танытамын. Менің тәрбиемде ол маңызды рөл атқарады. Өмірде мейірімді, қайырымды жандардың бір-біріне көмек қолын созғанын қалаймын», - дейді Жаннұр. 


Естеріңізге сала кетейік, Алматының 119-шы маршрутында қарт адам тосап салынған құмыраны байқаусызда сындырып алды. Кейбір жолаушылар оны қорлай бастағанда, жасөспірім зейнеткерді жақтап, автобустың еденін кофтасымен сүртті. Бейнеролик әлеуметтік желілерді тарап, Жаннұр Нұржанды қолдаған жүздеген пікір жазылды.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қазақ #Батырқыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);