ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Мең мен қалдың қатерлі ісік тудыру қаупі бар

Мең мен қалдың қатерлі ісік тудыру қаупі бар

Медицина 02.08.2022, 09:26 2,339
Мең мен қалдың қатерлі ісік тудыру қаупі бар
Сурет: Tengrinews.kz
Адам денесіндегі мең мен қалдың теріде қатерлі ісік тудыратын түрлері бар.

Адам денесіндегі мең мен қалдың теріде қатерлі ісік тудыратын түрлері бар.


Онколог дәрігерлер осылай дейді. Әдетте кей адам денесіндегі қал немесе меңді табиғи ерекшелік деп, мән бермейді. Тіпті оны денсаулығына қауіпсіз деп ойлайды. Алайда денедегі өскіннің түр-түсіне мән берген жөн, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Ғалымдар адам терісінде болатын мең мен қалдың 300-ден астам түрін анықтаған. Оның бірі туабітті, бірі жүре пайда болады. Бірақ осы өсінділер мен терідегі дақтардың ішінде өмірге қауіп төндіретіндері де бар. Солардың бірі - меланома. Сондықтан қазір тері меланомасын анықтау және емдеу онкологияның күрделі мәселелерінің біріне айналған. Жас ұлғайған сайын адамның меңі ақырын өседі, аздап формасы өзгереді. Өңі де дене түсіндей болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Ал үлкейіп, беткі қабаты қарая түссе, беті қышып, ауырсынса, оған бейжай қарауға болмайды. Ондайда дәрігерге қаралған дұрыс. Оның соңы ауыр жағдайға ұласуы мүмкін.



«Ең бірінші, маманға бару керек. Дерматолог немесе онкологтың кеңесін алып, содан кейін қауіпті емес десе ғана алуға болады. Егер косметологиялық салонға барып алғызғысы келсе, міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алу керек. Меланома мен базалема - терінің қауіпті аурулары. Өте жаман, 1-3 мм болып екі-үш айда метастаза беруі мүмкін», - дейді онколог дәрігер Сәкен Сәбірбеков.



Ауруды уақытында анықтау маңызды. Мұндайда өзін-өзі тексеру әдісі көмектеседі. Айнаға қарап, терідегі барлық қара, қызыл, көк немесе қоңырқай меңдерді, дақтарды, түйіндерді тексеріңіз. Қауіпті мең мен дақтың шеттері біркелкі болмайды. Сондай-ақ денесінде меңі көп адам күн сәулесінен сақтануы керек, дейді мамандар. Себебі өскіндері бар адамдардың меланомаға шалдығу қаупі бар.





Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,436 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.