конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемқызмет үшін қазақ тілі міндеттеледі

Мемқызмет үшін қазақ тілі міндеттеледі

Әлеумет 14.04.2023, 12:47 1,171
Мемқызмет үшін қазақ тілі міндеттеледі
Сурет: ашық дереккөз

Мемлекеттік қызметке тұру үшін қазақ тілін білу міндеттеледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдасында жазылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.



- Мемлекеттік қызметшілер мен қызмет көрсету органдарына, т.б қызметкерлерге қызметке орналасу барысында «ҚАЗТЕСТ» жүйесі арқылы тест тапсыру заңнамалық тұрғыда міндеттелмеген. Аталған мәселені қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу арқылы шешу қажет етіледі, - делінген тұжырымдамада.



Құжатта бұл ұсыныстың қашан қолға алынатыны көрсетілмеген. 



- Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бүгінде Қытай, АҚШ, Финляндия, Оңтүстік Корея және Грузияда мектеп бітіруші түлектер жоғарғы оқу орнына түсер кезде міндетті пән ретінде өздерінің ана тілі мен әдебиетінен емтихан тапсырады. Бұл өз кезегінде жас буынның тілдік ортаға кедергісіз араласуына мүмкіндік беріп, ұлттық құндылықтарды бағалауына, өз елінің тілі мен мәдениетін терең ұғынуына ықпал етеді. Аталған елдер тілдік саясат мәселесін осындай тетіктер арқылы шешіп отыр, - делінген мәлімдемеде. 



Сонымен қатар қазіргі таңда  «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңға мемлекеттік тілді, Қазақстанның тарихы негіздерін және ұлттық заңнаманы білу қажеттігі туралы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілуде.



- Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда қызмет ететін сала мамандарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында «ҚАЗТЕСТ» сертификатын міндеттейтін нормаларды енгізу пысықталатын болады, - делінген хабарламада. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемқызмет #қазақ тілі #міндеттеледі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);