Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Меморгандар мен лауазымды тұлғаларға миллиондаған...

Меморгандар мен лауазымды тұлғаларға миллиондаған теңге айыппұл салынды

Әлеумет 31.08.2023, 09:41 915
Меморгандар мен лауазымды тұлғаларға миллиондаған теңге айыппұл салынды
Сурет: ашық дереккөз

Әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында 223-тен астам тексеру жүргізді


ҚР Әлеуметтік кодексінің күшіне енуімен биылғы 1 шілдеде елімізде құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіретін мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілді. Осы кезеңде әлеуметтік инспекторлар 233 тексеру жүргізіп, оның 73-і профилактикалық бақылау шеңберінде, 160-ы жоспардан тыс тексерулер болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Мемлекеттік бақылаумен: 49 мектеп пен колледж, 36 жергілікті атқарушы органдардың облыстық басқармалары және аудандық бөлімдері, 61 жұмыспен қамту басқармалары мен бөлімдері, 13 дүкен, 5 сауда орталығы, 14 медициналық-әлеуметтік мекеме, 20 емхана мен аурухана, 2 банк бөлімшесі, 3 қазпошта бөлімшесі, 1 фитнес-клуб, 1 университет, 4 санаторий, 2 кафе, 2 шаштараз және т б қамтылды.



«Мәселен, Түркістан облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті Кентау қаласы тұрғынының (1 топтағы мүгедектігі бар адам) өтініші негізінде Кентау гуманитарлық-техникалық колледжіне жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша лауазымды адамға анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданды», - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.



Алматы облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті Талғар қаласы тұрғынының өтініші негізінде бірқатар мемлекеттік мекемелерде: Талғар қаласы әкімінің аппаратында, Талғар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында, Талғар аудандық полиция басқармасында, Талғар аудандық орталық ауруханасында, «AMANAT» партиясы Талғар аудандық филиалында және Талғар аудандық электр желілері «Алатау жарық компаниясы» АҚ-да жоспардан тыс тексерулер жүргізді.


Тексеру нәтижелері бойынша жеке кәсіпкерге анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.



«Сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік инспекторлар институты енгізілгенге дейін ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылдың 1 жартыжылдығында 750 тексеру жүргізді, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы 533 ұйғарым берілді, 44 млн теңгеден астам сомаға 233 айыппұл салынды», - деді ведомство өкілдері.



2023 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік инспекторларды енгізу халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын уақтылы қорғап қана қоймай, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға да ықпал етпек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлеуметтік қорғау #тексеру #профилактика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.