AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекеттік сатып алуда 16 млрд теңгеге бағаны қол...

Мемлекеттік сатып алуда 16 млрд теңгеге бағаны қолдан өсіру жайты анықталды

Әлеумет 11.05.2022, 13:06 1,430 Almaty-akshamy
Мемлекеттік сатып алуда 16 млрд теңгеге бағаны қолдан өсіру жайты анықталды
Cурет: Egemen.kz

Президент тапсырмаларының орындалу барысы бақылауда


Мемлекеттік сатып алу саласына қоғамдық бақылау жүргізу барысында бірнеше заңбұзушылық анықталып, нәтижесінде 40 хаттама толтырылды. Сонымен қатар 12 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы «Ел намысы» арнайы мониторингілік тобының мүшесі Дидар Смағұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.



«Біздің қоғамдық ұйым жұмысын бастағалы елімізде 13,5 мыңнан астам азаматтың қатысуымен 500-ден астам кездесу өтті. Оның ішінде 615 азаматтың мәселесі жеке қаралды. Әр азаматтың өтініші мен мәселесіне тиісті кеңес беріліп, құзырлы органдарға хат жолданды. Кейбір жайттар сол жерде шешімін тауып жатты. Қазір қолымызда бар мәліметке сәйкес, шенеуніктерге қатысты 145 әкімшілік жауапқа тарту хаттамасы толтырылды. Салынған жалпы айыппұл көлемі 40 млн теңгеден асады. Заңбұзушылыққа келсек, жауапқа тартылған шенеуніктер немесе мемлекеттік қызметкерлердің жартысы негізгі жұмысынан бөлек, кәсіпкерлікпен айналысқан», - деді Дидар Смағұлов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 



Мониторингілік топ мүшесінің мәліметінше, қоғамдық бақылау барысында мемлекеттік сатып алу саласында да заңбұзушылықтар анықталды.



«Жоғарыда аталған 145 хаттаманың 40-ы — мемлекеттік сатып алуға қатысты. Нәтижесінде 16 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алу бағасын қолдан өсіру жайты анықталып, 12 қылмыстық іс қозғалды. Мысалы, Ақтөбе қаласындағы спорт мектебі директорының орынбасары негізгі жұмысынан бөлек жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік сатып алумен айналысқан. Сөйтіп, басқа спорттық мектептерге қызметін ұсынып келген. Нәтижесінде айыптының заңсыз табысы тәркіленіп, оған 428 мың теңге айыппұл салынды. Сонымен қоса аталған азамат мемлекеттік сатып алумен қатар, жеткізуші рөлін де атқарған», - дейді ол.



Айта кетейік, биыл жыл басында елімізде «Ел намысы» атты арнайы мониторингілік топ құрылды. Аталған қоғамдық ұйымның мақсаты – Президент тапсырмаларының орындалу барысын бақылау.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#баға #заң бұзушылық #мониторинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);