Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар

Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар

Әлеумет 07.02.2025, 21:19 966
Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар
Сурет ЖИ
Мемлекеттік қызметшілер – қоғам өмірінде маңызды рөл атқаратын тұлғалар. Олардың қызметтік тәртібі мен әдебіне жоғары талаптар қойылады.

Мемлекеттік қызметшілер – қоғам өмірінде маңызды рөл атқаратын тұлғалар. Олардың қызметтік тәртібі мен әдебіне жоғары талаптар қойылады.

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексімен реттеледі. Бұл құжат қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте жоғары мәдениет пен парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ әдепсіз мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған. Кодексте белгіленген әдеп стандарттары барлық мемлекеттік қызметшілер үшін міндетті болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттары:

🔹 Адал ниеттілік – қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби әрі жауапты қызмет ету.
🔹 Адалдық – өз міндеттеріне шынайы көзқараспен қарау.
🔹 Әділдік – заң талаптарын бұлжытпай орындап, шешім қабылдау кезінде объективті болу.
🔹 Ашықтық – халықпен кері байланыс орнатып, қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.
🔹 Сыпайылық – азаматтар мен әріптестерге құрметпен қарау.
🔹 Клиентке бағдарлану – мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттырып, бюрократия мен артық әуре-сарсаңға жол бермеу.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші кәсіби білім мен іскерлік қасиеттерді меңгерумен қатар, қарапайым, әдепті, әділ болуы, қызметтік жағдайын жеке мүддесіне пайдаланбауы және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұруы тиіс. Сондай-ақ, ол қызметтен тыс уақытта да моральдық-әдептік нормаларды сақтап, әріптестерімен іскерлік қарым-қатынас орнатуы қажет.

Әрбір мемлекеттік қызметші өз міндетін адал орындап, заңдылықты сақтауға және қоғамның дамуына үлес қосса, халықтың билікке деген сенімі артып, мемлекеттік қызметтің беделі жоғарылайтыны сөзсіз.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,465 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,358 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,995 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,192 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.