Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қа...

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы

Әлеумет 12.07.2024, 17:05 1,512
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы
Almaty-akshamy.kz. 

Мемлекеттiк қызметшi – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында белгiленген мемлекеттiк лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын тұлға ретінде анықталған.

Мемлекеттік қызмет атқарушыларға қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болғандықтан мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады және заңдылықтарға сәйкес олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына да 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 52 бабына сәйкес келесі талаптар бекітілген:

1.     Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге тиіс.

2.     Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан жасалатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуге тиіс.

3.     Егер мемлекеттік қызметшіде дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, немесе бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға (басшылыққа, уәкілетті мемлекеттік органдарға) жазбаша ақпарат беруге міндетті.

4.     Мемлекеттік қызметшілер жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге тиіс.

5.     Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасады деп жариялы түрде негізсіз айып тағылған кезде ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөніндегі шараларды қабылдауға тиіс.

 

Сыбайлас жемқорлықтың кесірі тек жеке адамдарға ғана емес, бүкіл қоғамның, мемлекеттің дамуына, өсіп-өркендеуіне нұқсан келтіретіні баршаға белгілі.

Мемлекеттік қызмет атқаратын әрбір тұлға осы айқындалған талаптарды өз өкілеттігін атқару барысында міндетті түрде ұстанып отырса, бұл да біздің еліміздің  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістерінің бір ерекшелігі ретінде саналатыны сөзсіз.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекет #қызмет #Жемқорлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.