AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Мемлекеттік қызметкерлерге қырғыз тілін білу мінде...

Мемлекеттік қызметкерлерге қырғыз тілін білу міндеттелді

Әлем 18.07.2023, 09:43 1,076
Мемлекеттік қызметкерлерге қырғыз тілін білу міндеттелді
Сурет: Egemen.kz

Айырқалпақ бауырлар қырғыз тілінің мәртебесін көтермек.


Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров «Қырғыз Республикасының мемлекеттік тілі туралы» Қырғыз Республикасының Конституциялық Заңына қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 


Заң Қырғыз Республикасының Жоғарғы Кеңесімен 2023 жылғы 31 мамырда қабылданды.


«Қырғыз Республикасының мемлекеттік тілі туралы» Қырғыз Республикасының конституциялық заңы Қырғыз Республикасы Конституциясының 13-бабын іске асыру мақсатында қабылданды, оған сәйкес Қырғыз тілі — Қырғыз Республикасының мемлекеттік тілі және мемлекеттік тілді қолдану тәртібі Конституциялық заңмен айқындалады», делінген Қырғызстан президентінің ресми хабарламасында.


Мемлекеттік тіл туралы жаңа заңнама Қырғыз Республикасының азаматтарына, Қырғыз Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға — барлығына бірдей қолданылады.


Қырғыз тілі міндетті түрде қолданылатын салалар да бекітілді:



  • мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіпорындардың, мекемелердің және барлық меншік нысанындағы ұйымдардың қызметінде;

  • сайлау мен референдумдарды дайындау және өткізу процесінде;

  • сот ісін жүргізуде, Қарулы Күштерде, Қырғыз Республикасының Құқық қорғау органдарында;

  • Қырғыз Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды жасасу кезінде және т.б.


Сонымен қатар 32-бапта мемлекеттік тілді меңгеруге және оны қызметтік міндеттерін атқару кезінде пайдалануға міндетті адамдардың тізбесі айқындалған. Олардың қатарына мемлекеттік және муниципалды қызметкерлер, Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш депутаттары, жергілікті Кенеш депутаттары, Қырғыз Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілері, ішкі істер органдары мен басқа да құқық қорғау органдарының офицерлік және басшы (орта және жоғары) құрамының адамдары, сот төрешілері, прокурорлар, қорғаушылар, нотариустар және т.б. жатады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қырғыз елі #Мемлекеттік қызметкерлер #қырғыз тілі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);