ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Мемлекеттік қызмет сапасы – қоғам сенімінің өлшемі

Мемлекеттік қызмет сапасы – қоғам сенімінің өлшемі

Алматы 02.05.2025, 17:27 693
Мемлекеттік қызмет сапасы – қоғам сенімінің өлшемі
Сурет: aqshamnews.kz
Алматы қаласындағы №92 лицейде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жанындағы Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі...

Алматы қаласындағы №92 лицейде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жанындағы Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Жиынға департамент басшысы Шынарай Әлімхан бастаған ВАЖТ мүшелері, Алматы қаласы Білім басқармасының орта және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Ақмарал Айтуарова және 8 ауданның білім мекемелерінің өкілдері қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде Алматы қаласы Білім басқармасында жүргізілген жоспарлы тексеру нәтижелері мен білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету барысы қаралды. Жұмыс тобы білім басқармасының есептерімен танысып, алдағы маусым айында 1-сыныпқа құжат қабылдау мәселелерін жан-жақты саралады. Осы ретте Ақмарал Төлегенқызы ата-аналарға қажетті ақпараттарды қамтитын мазмұнды слайд көрсетілім ұсынып, қабылдау тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Отырыс барысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, халыққа түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасау, инклюзивті білім беруге бейімделген мекемелердің санын арттыру секілді маңызды ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, қамқоршылыққа байланысты бірқатар мәселелер көтеріліп, қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды. Ведомствоаралық жұмыс тобы барлық ұсыныстарды назарға алып, болашақта жүзеге асыру үшін нақты шаралар қабылданатынын жеткізді.

Жиын қорытындысы бойынша білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтердің ашықтығын, қолжетімділігін және тиімділігін арттыру бағытында жұмысты жалғастыру міндеті қойылды. Бұл бағыттағы үйлесімді шаралар алдағы уақытта қала тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді алу процесін айтарлықтай жеңілдетуге ықпал етпек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.