AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет қайраткері, ғалым, ұстаз Әбікен Тоқтыбеко...

Мемлекет қайраткері, ғалым, ұстаз Әбікен Тоқтыбековтің есімі мәңгі жадымызда

Әлеумет 11.09.2026, 11:43 384
Мемлекет қайраткері, ғалым, ұстаз Әбікен Тоқтыбековтің есімі мәңгі жадымызда

Әбікен Әбілұлының жарқын бейнесі жүректерде мәңгі сақталады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан жұртшылығы ауыр және орны толмас қазаға ұшырады. Көрнекті ғалым, педагог, қоғам қайраткері, Мемлекеттік және жергілікті басқару институтының ректоры Әбікен Әбілұлы Тоқтыбеков өмірден озды.

Әбікен Әбілұлының бүкіл кәсіби өмірі Отанға қалтқысыз қызмет етумен тығыз байланысты болды. Ол саналы ғұмырын мемлекеттік қызметшілерді, мәслихат депутаттарын, әкімдер мен басқару буынының мамандарын даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға арнады. Жоғары кәсібилігі, терең білімі, ұстанымдылығы мен өз ісіне деген ерекше адалдығының арқасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан мыңдаған жоғары білікті мамандар даярланды.

Әбікен Әбілұлы республикалық кәсіби «Мәслихат және Әкімдік» журналының бастауында тұрып, көп жылдар бойы оның тұрақты бас редакторы болды. Бұл басылым озық тәжірибе алмасудың, мемлекеттік және жергілікті басқарудың, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың және еліміздің заңнамасын жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылаудың беделді алаңына айналды.

Ол өз қызметінде жастарға патриоттық тәрбие беруге ерекше мән берді. Оның бастамасымен және тікелей қатысуымен Алматы қаласында «Жас ұрпақ» ақпараттық-білім беру патриоттық орталығы құрылды, оның басты миссиясы тарихи жадыны сақтау және Қазақстанның көрнекті мемлекеттік қайраткерлерінің мұрасын дәріптеу болды. Орталық қызметі аясында Жұмабек Тәшеновке, Жұмабай Шаяхметовке, Өзбекәлі Жәнібековке, Нағашыбай Шайкеновке және Кәкімбек Салықовқа арналған маңызды еске алу іс-шаралары ұйымдастырылды. Алда әлі талай игі жоспарлар мен бастамалар бар еді, бірақ, өкінішке орай, олардың орындалуы маңдайға жазылмады.

Қазақстан жоғары білімді ғалымынан, дарынды ұйымдастырушысынан, дана ұстазынан және өз елінің нағыз патриотынан айырылды. Оның өмір жолы, ұзақ жылғы кәсіби қызметі мен адами асыл қасиеттері Отанға адал, жанқиярлықпен және қалтқысыз қызмет етудің әрқашан лайықты үлгісі болып қала береді.

Әбікен Әбілұлының отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын.

Әбікен Әбілұлы Тоқтыбековтің жарқын бейнесі оның туған-туыстарының, достарының, әріптестерінің, шәкірттерінің және оны танып-білген, қатар жұмыс істеген барша жандардың жүрегінде мәңгі сақталады.

Марқұмның иманы жолдас, жаны жәннатта болсын!

Бахтияр Камалов, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің ардагері

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);