ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Тұлға / Мемлекеттік хатшы Төрегелді Шармановқа Бейбітшілік...

Мемлекеттік хатшы Төрегелді Шармановқа Бейбітшілік сыйлығы мен төсбелгіні табыс етті

Тұлға 20.08.2021, 16:34 1,385
Мемлекеттік хатшы Төрегелді Шармановқа Бейбітшілік сыйлығы мен төсбелгіні табыс етті
inform.kz
Төрегелді Шарманов ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Бейбітшілік және прогресс сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz inform.kz сілтеме жасап,

Төрегелді Шарманов ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Бейбітшілік және прогресс сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz inform.kz сілтеме жасап,


Президент Жарлығымен бекітілген арнайы төсбелгі мен құжатты академикке ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербек табыс етті. Елбасы мен Мемлекет басшысының сәлемін жеткізген Мемлекеттік хатшы Төрегелді Шармановқа денсаулық сақтау саласындағы ерен еңбегі үшін алғыс білдірді. Қырымбек Көшербаев академиктің денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі ұшан теңіз екенін айтып, қазақ елі ғана емес ТМД-ның медицинасын алға сүйреген азаматтың бірі екенін тілге тиек етті. Оның нақты мысалы ретінде 1978 жылы Алматыда қабылданған ХХ ғасырдағы денсаулық сақтау саласының хартиясы. Бұл құжат әлі күнге дейін дүниежүзілік денсаулық сақтау саласының бір мақтанышы саналады екен.



«Өткен жылы ДДСҰ өзінің конференциясында Алматы декларациясының ХХІ ғасырда да өзекті екенін айтып, денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық ретінде алғашқы медициналық көмек қала береді деп қаулы қабылдады. Денсаулық сақтау саласының болашағын және негізгі басымдықтарын айқындаған үлкен құжаттың қазақ жерінде, Алматыда қабылданғаны, оның ішінде Төрегелді Шарманұлының бастамасы болғанын біз мақтанышпен айтамыз. Ал тоқсанның төріне шыққан академик бүгінде дұрыс тамақтану бағытында толайым табыстарға жетіп, медицина мен ұлттық дәстүрді ұштастырған ғалым өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ерен еңбек сіңіріп келеді», – деді Қырымбек Көшербаев.




Өз кезегінде Төрегелді Шарманов Елбасы мен Мемлекет басшысына алғыс айтты. Жастарға өсиетін жеткізді.



«Ең бастысы, ерінбей еңбек ету керек. Халыққа, елге, ортаңа адал қызмет қылсаң, бақ пен береке өз аяғымен келеді», – деді Төрегелді Шарманов.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.