AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекеттік бағдарламаның шапағаты

Мемлекеттік бағдарламаның шапағаты

Әлеумет 17.11.2021, 08:32 1,523
Мемлекеттік бағдарламаның шапағаты
almaty-akshamy.kz

Алматылық Мархаба Тұрсынбекова «Almaty Business – 2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 6%-бен жеңілдетілген несие алып, шағын маркет ашты.


Сауда нүктесінің бір ерекшелігі – бір бұрышында кофехана бар.



«Мен минимаркетімді өзгеше етіп ашуды шештім. Қазіргі стильдегі дизайн элементтерін пайдалана отырып, саудаға заманауи көзқараспен келдім. Мен осы тұрғын үй кешенінің тұрғындары мен маңайымызда  салынып жатқан түрлі құрылыстардың жұмысшылары үшін кіреберістен кофе аймағын жасадым. Жұмыс істеп жатқанымызға бір ай ғана болды, бірақ көптеген адамға ыстық кофе ұсыну арқылы оларға жайлылық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап жүргеніміз анық. Таңымыз жақсы басталса, күні бойғы тірлігімізде де береке болары сөзсіз», – дейді «Охана» шағын маркетінің иесі Маркава Тұрсынбекова.



Сондай-ақ, ол осы орайда «Qoldaý» орталығының үлкен қолдауын сезінгенін атап өтті. Мемлекеттік бағдарламаның көмегімен  25 млн. теңге несие алған Мархаба Тұрсынбекова бүгінде 7 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында 2-5 млн. теңгеге дейінгі қайтарымсыз грант байқауына қатысып, жартылай фабрикат өнімдерін өндіруді көздеп отыр.


Тақырыпқа орай айта кетсек, «Almaty Business – 2025» бағдарламасының шарттары бойынша Алматы қаласының кәсіпкерлеріне 500 мың теңгеден 58 340 000 теңгеге дейін, сыйақы мөлшерлемесі  2% (көпбалалы аз қамтылған отбасылар, I және II топтағы мүгедектер, мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасылар және өнеркәсіптік парктердің резиденттері үшін) және 6% (қарыз алушылардың барлық басқа санаттары үшін) болатын 3 жылға (айналым қаражатын толықтыруға) және 7 жылға дейін (негізгі қаражатқа) кредит беріледі.


Міне, мемлекетке масыл болмай, өз бетімше әрекет етіп, күн көремін деген кез-келген іскер жанға мемлекет қолдауы осындай.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Тұрсынбекова #Кәсіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);