Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрғынд...

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрғындарға газ бағасы 20 пайызға төмендейді

Әлеумет 24.05.2022, 08:46 1,410
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрғындарға газ бағасы 20 пайызға төмендейді
Сурет: Inform.kz

Үкімет басшысы: Бүгінде жаңа өңірлерді шығынсыз газдандыру және халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тобының мүддесін қорғау тетіктері анықталған.


Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Қоғамдық маңызы бар нарықта баға белгілеу ережесіне өзгеріс енгізілді. Онда тұтынушылардың 9-шы тобы – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек немесе тұрғын үй көмегін алатын тұтынушылар қосылған. 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап тұтынушылардың аталған тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада сату бағасы Тараз бен Орал қаласында ілкі режимде 20 пайызға төмендетілді. Ілкі жоба аяқталғаннан кейін оның қорытындысында аталған шара еліміздің барлық газдандырылған өңірінде қолданыла бастайды», - деп атап өтеді Үкімет басшысы.



Сонымен қатар ол «ірі коммерциялық газ тұтынушы» және «цифрлық майнинг жүзеге асыратын тұлға» деп аталатын тұтынушылардың жаңа екі санатын қосылатынын айтады.



«Айталық, тауарлық газ бағасы өскен жағайда тұтынушы топтарына, оның ішінде экономика салаларына газ құнын төлеу кезіндегі жүктемені төмендету мақсатында жүктемені тұтынушылардың аталған екі санатына бөлу ұсынылады», - деді Әлихан Смайылов.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#АӘК #Газ бағасы #шығынсыз газдандыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.