ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен әлеуметтік...

Мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен әлеуметтік нысандар салынады

Әлеумет 22.10.2024, 10:01 1,582
Мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен әлеуметтік нысандар салынады
Сурет: Gov.kz
Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен Түркістан және Ақмола облыстарында әлеуметтік нысандар салынады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен Түркістан және Ақмола облыстарында әлеуметтік нысандар салынады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң шеңберінде жұмысын жалғастыруда. Барлық қаражат әлеуметтік пайдалы мақсаттарға одан әрі қайта бөлу үшін Арнаулы мемлекеттік қорға жіберіледі.

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақмола облысының Зеренді ауылында құны 2,1 млрд теңге болатын спорт кешенін және Түркістан облысының Темірлан ауылында 890 млн теңге сомаға музыка мектебін салу жөніндегі алғашқы екі әлеуметтік жобаны іске асыруға Арнаулы мемлекеттік қордан қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.

Бұл бастамалар ауылдық жерлерде білім беру және спорттық қызметтермен қамтуды арттыру мақсатында әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Мәселен, Ақмола облысының Зеренді ауылында ауданы 6 мың м² асатын, бір ауысымда 80 адамды қабылдай алатын спорт кешенін салу жоспарланып отыр. Нысан белсенді тұрғындарға бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді – ауданда 14,5 мыңнан астам адам жүйелі түрде спортпен шұғылданады.

Жобаға сәйкес, орталықта күрес, бокс, шаңғы тебу сияқты спорт түрлерімен айналысуға арналған жабдықтар орнатылады, 2 жаттығу залы қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталады. Сондай-ақ кешенде спортшыларды жаттықтыру мен сауықтыру жұмыстарын сапалы әрі тиімді жүзеге асыру үшін қажетті құрал-жабдықтар мен қосалқы үй-жайлар қарастырылған.

Түркістан облысындағы Темірлан ауылында 300 орындық жаңа өнер мектебін салу жоспарланып отыр. 1974 жылы салынған қазіргі ғимарат заманауи санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай емес әрі күрделі жөндеуге жарамсыз. Соған қарамастан бүгінгі таңда кешен жұмыс істеп тұр – орталықта 420-ға дейін бала оқиды, бұл оның қазіргі қабылдау мүмкіндігінен 2 есеге артық, 45 мұғалім сабақ береді. Жаңа жоба ауылда өнер саласында қосымша сапалы білім алуға жағдай жасайды. Балалар жайлы ортада музыкамен және хореографиямен айналысуға мүмкіндік алады.

Бүгінгі таңда Арнаулы мемлекеттік қорда 177 млрд теңге жинақталған. Бұл қаражаттың барлығы әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салуға, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру, бұқаралық спорт және өзге де әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға бағытталады.

Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияны ҚР Премьер-министрі басқарады, ал жұмыс органы – ҚР Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.