Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекетке қайтарылған жер учаскелері аукционға қо...

Мемлекетке қайтарылған жер учаскелері аукционға қойылады

Әлеумет 15.02.2023, 11:35 980
Мемлекетке қайтарылған жер учаскелері аукционға қойылады
Сурет: Uralskweek.kz

Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов 15 ақпанда өткен брифингте мемлекетке қайтарылған жер қойнауының учаскелері инвестиция тарту үшін аукционға қойылатынын мәлімдеді.


Жиында Жер қойнауы туралы кодекске қандай түзетулер енгізілетіні айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап


«2022 жылы жер қойнауын пайдалануға салынған инвестиция сомасы 7,7 трлн теңге, оның ішінде өндіріске – 2,8 трлн теңге, геологиялық барлауға - 135,7 млрд теңге, қалған 4,7 трлн теңге күрделі шығындарға, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына (ӨӘЭД), азаматтарды оқытуға, ҒЗТКЖ-ға тиесілі болды», -  деді Асхат Хасенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.


Асхат Хасенов ведомствоның салалық заңнаманы жетілдіру бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.


2022 жылы Энергетика министрлігі Жер қойнауы туралы кодекске келесі түзетулер дайындаған:



  • Өндірілуі қиын қорларды игеруге тарту мақсатында «дәстүрлі емес көмірсутектер» бөлігіне бірқатер нормалар енгізілді. Бұл бастама «жеңіл мұнайды» игеруден «шығарылуы қиын мұнайға» көшуге дайын болуға және оны алдын ала қарастыруға мүмкіндік береді.

  • Аукциондар арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын беру рәсімдері жеңілдетілді, атап айтқанда: мемлекеттік органдардың қолданыстағы дерекқорларымен интеграция, бұл аукционға ұсынылатын құжаттардың санын қысқартуға мүмкіндік береді; кепілдік жарнаны енгізу; екінші орын алған қатысушымен келісімшарт жасасу.

  • Реттеушілік және фискалдық преференциялардың елеулі пакетін бекітетін күрделі жобалар бойынша жер қойнауын пайдалану саласында «Жақсартылған модельдік келісімшарт» (ЖМК) енгізілді.


ЖМК тетігі елдің минералды-шикізат базасын толықтыруға және күрделі жобалар бойынша инвестиция тартуға мүмкіндік береді.


«Аукцион арқылы көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру рәсімі 2020 жылдан бастап толығымен автоматтандырылған және электронды түрде көрсетіледі, бұл оның барынша ашықтығын қамтамасыз етеді», деді вице-министр.


2020-2021 жылдары 3 электрондық аукцион өткізілгені атап өтілді. Нәтижесінде көмірсутектерді өндіруді барлауға және өндіруге 39 жаңа үлгілік келісімшарт жасалды. Мемлекеттік бюджетке төленген қол қою бонусының сомасы 12,8 млрд теңгені құрады, геологиялық барлауға 237,4 млн доллар сомасына инвестиция тартылды.



«2022 жылы Энергетика министрлігі 2 аукцион өткізді, оған 55 жер қойнауы учаскесі шығарылды. Аукциондардың нәтижелері бойынша шамамен 26 млрд теңге сомаға қол қою бонусын төлей отырып, 38 жер қойнауы учаскесі өткізілді. Геологиялық барлауға салынған инвестициялар 100,0 млн доллардан асты», - деп түйіндеді Асхат Хасенов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жер учаскелері #аукцион #мемлекетке қайтару
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.