ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет шалғын көбелекпен күрес үшін кеткен шығын...

Мемлекет шалғын көбелекпен күрес үшін кеткен шығынның 50 пайызын өтейді

Әлеумет 30.07.2021, 10:07 1,390
Мемлекет шалғын көбелекпен күрес үшін кеткен шығынның 50 пайызын өтейді
agroex.ru
Ағымдағы жылы еліміздің Ақтөбе, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында климаттық жағдайларға байланысты шалғын көбелегінің жаппай көбею қаупі өсіп отыр, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Ауыл...

Ағымдағы жылы еліміздің Ақтөбе, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында климаттық жағдайларға байланысты шалғын көбелегінің жаппай көбею қаупі өсіп отыр, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.


 Министрлік тарапынан осы зиянды организмнің нақты таралу ареалын анықтау үшін қажетті фитосанитариялық тексерулер жүргізілді.



Бүгінгі таңда 306,59 мың га жер зерттелді, жалпы таралу ауданы 16,979 мың га құрайды. Оның ішінде Ақтөбе облысында таралу ауданы 2,892 мың га құрап отыр. Зиянкестің мемлекеттік қордағы жерлердің арам шөптерінде, сондай-ақ дәнді және майлы дақылдар егістіктерінің бойында таралуы байқалады.



 Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Е. Қарашөкеевтің тапсырмасы бойынша Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы А. Марс Ақтөбе облысына шалғын көбелегіне қарсы күрес және қорғау шараларын жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және қажетті басқарушылық шешімдер қабылдау үшін іссапарға жіберілді.



 Айта кету керек, АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен бизнес өкілдерінің бастамаларына сәйкес, 2020 жылдан бастап шалғын көбелегіне қарсы қорғау шараларын жүргізу жөніндегі жауапкершілік пестицидтер құнының шығындарын 50%-ға дейін өтеу үшін субсидиялар бере отырып, жергілікті атқарушы органдардың құзыретінен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің құзіреттеріне берілген.



 Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының әкімдігі 2,2 мың га алаңда химиялық өңдеу жүргізуге қаржы бөлген. Қорғау іс-шараларын жүргізу тиімділігі жоғары бүріккіш техника-газ генераторларын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.