ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Тоқаев пен Конго ДР президентімен...

Мемлекет басшысы Тоқаев пен Конго ДР президентімен келіссөз жүргізді

Саясат 10.09.2025, 12:12 462
Мемлекет басшысы Тоқаев пен Конго ДР президентімен келіссөз жүргізді
сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Қазақстан Президенті Астанаға шақыруын қабыл алғаны үшін Феликс Чисекедиге алғыс айтты.

"Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келіп жатсыз. Шын мәнінде, мұны тарихи сапар деуге болады. Сапарыңыз өте маңызды. Бұл қадам Қазақстан мен Конго арасындағы қарым-қатынасты дамытуға тың серпін береді. Еліңіз – адами және табиғи ресурсқа бай мемлекет. Халық саны 110 миллионнан астам ел. Сондай-ақ Конгоның халықаралық және аймақтық деңгейдегі рөлі артып келе жатыр. Осы орайда бүгінгі келіссөздер Орталық Азия және Африка арасындағы байланысты күшейтуге ықпал етеді деп сенеміз. Африка елдерімен ынтымақтастықты нығайту – еліміздің сыртқы саясатындағы маңызды бағыттың бірі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ, Конго Демократиялық Республикасының Президенті бүгінгі келіссөздер нәтижесінде екі елдің байланысы нығая түсетініне сенімді екенін жеткізді
"Маған және делегациямызға көрсеткен қонақжайлық ниетіңіз үшін Сізге, сондай-ақ Қазақстан халқына алғыс айтамын. Мен екі ел, жалпы алғанда, Африка аймағы мен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында сапармен келдім. Әрине, біздің мемлекеттеріміз бір бірінен алыста орналасқан. Дегенмен осындай сапарлар бізді жақындастырып, бір-бірімізді жіті тануға мүмкіндік береді. Сіздің еліңізбен ERG компаниясы арқылы тығыз жұмыс істейміз. Аталған кәсіпорын тау-кен өнеркәсібі саласында белсенді қызмет етеді. Бірақ ықпалдастықты арттырып, тәжірибе алмасатын басқа да көптеген бағыт бар деп ойлаймын", – деді Феликс Чисекеди.
Президенттер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.