AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Тим Дрейпермен кездесті

Мемлекет басшысы Тим Дрейпермен кездесті

Саясат 12.10.2023, 10:17 1,608
Мемлекет басшысы  Тим Дрейпермен кездесті
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Draper Fisher Jurvetson компаниясының тең құрылтайшысы және Дрейпер Университетінің негізін қалаушы Тим Дрейпермен кездесті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Президент Digital Bridge халықаралық форумына белсенді қатысқаны және мазмұнды баяндама жасағаны үшін Тим Дрейперге алғыс айтты. Мемлекет басшысы танымал Meet the Drapers реалити-шоуының бір эпизодын Қазақстанда түсіру туралы бастаманы құптады.


Кездесу барысында венчурлық капитал мен стартаптар индустриясын дамыту мәселелері, сондай-ақ  алдағы жоспарлар мен ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.


Тим Дрейпер өз компаниясының венчурлық капиталды дамытуда бай тәжірибесі бар екенін атап өтті. Сондай-ақ Draper Fisher Jurvetson компаниясы Орталық Азия өңіріне, атап айтқанда, Қазақстан нарығына зор қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.


Қасым-Жомарт Тоқаев венчурлық капитал нарығын құру үшін Қазақстанда берік институционалдық, құқықтық және қаржылық негіз қаланып жатқанына назар аударды. Еліміз Draper Fisher Jurvetson секілді халықаралық венчурлық қорлардың  Қазақстан нарығына келуіне кең жол ашады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кездесті #саясат #мемлекет басшысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);