AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет басшысы Temasek Holdings компаниясының ба...

Мемлекет басшысы Temasek Holdings компаниясының бас директоры Дилхан Пиллэйді қабылдады

Әлеумет 23.05.2024, 15:41 1,121
Мемлекет басшысы Temasek Holdings компаниясының бас директоры Дилхан Пиллэйді қабылдады
Ақорда

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дилхан Пеллэй «Самұрық-Қазына» қоры мен Temasek компаниясы арасында стратегиялық серіктестік орнату мүмкіндігін талқылады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Президенттің айтуынша, аталған бастама іскерлік байланыстарды кеңейтуге, экономикалық өсімді ынталандыруға ықпал етеді. Мемлекет басшысы Қазақстан тарапының Temasek компаниясымен тығыз серіктестік жасауға мүдделі екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев сингапурлық компанияны Қазақстан экономикасының түрлі саласында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ісіне белсенді атсалысуға шақырды.  

Дилхан Пиллэй көлік және логистика салалары бойынша біздің елмен арадағы ынтымақтастық перспективасына жоғары баға берді. Қазіргі уақытта сингапурлық компания Қазақстан экономикасына қатысу мүмкіндіктерін зерделеп жатыр.  

Кездесуде бірлескен инвестициялық қор құру, сондай-ақ цифрландыру, электронды коммерция және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы ықпалдастық мәселелері қарастырылды.  

Temasek – Сингапурдың 1974 жылы құрылған ең ірі инвестициялық компанияларының бірі. Әлемнің 9 елінде компанияның 13 өкілдігі бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Самұрық-Қазына #Temasek компаниясы #Дилхан Пеллэй
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);