ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеу...

Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорына тұрақты жарна аударатын ірі компаниялар тізімін бекітуді тапсырды

Әлеумет 11.01.2022, 07:21 1,198
Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорына тұрақты жарна аударатын ірі компаниялар тізімін бекітуді тапсырды
Сурет: Inform.kz
Қазақстанда өте бай адамдар пайда болды, олардың халыққа көмектесетін кезі келді - Президент

Қазақстанда өте бай адамдар пайда болды, олардың халыққа көмектесетін кезі келді - Президент


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында «Қазақстан халқына» қоғамдық әлемуеттік қорына тұрақты жарна аударатын ірі компаниялар тізімін бекітуді тапсырды,



«Бұл - Президенттің немесе Үкіметтің немесе басқа мемлекеттік органның қоры емес. Бұл - барлық қазақстандықтардың қоры, халықтың қоры. Ол әкімшіліктің немесе Үкімет жанында жұмыс істемейді. Беделді бақылау кеңесі құрылады, әділ жауапты басшы тағайындалады, оның қызметінің толық ашықтығын, есептілігін және қоғамның бақылауында болуын қамтамасыз етеміз. Жоспарлар, бюджет және жобалар сайтта жарияланады. Барлық ақпарат ашық болады. Қорды қаржыландыру жеке және мемлекеттік көздерден жүзеге асырылады», - деді Мемлекет басшысы.



Президенттің айтуынша, қорға халықаралық қайырымдылық ұйымдарының көмегін тарту да жоспарлануда.



«Бұл қорға лотореялық қызмет операторының, ставкаларды есепке алу орталығының және басқа монополистердің міндетті аударымдары түсіп отырады. Әрине, біз ірі бизнес тарапынан ауқымды және тұрақты, астын сызып айтайын, тұрақты аударымдарды күтеміз. Тұңғыш Президент – Елбасының арқасында елімізде өте табысты компаниялар тобы және тіпті халықаралық өлшемдер бойынша да өте бай адамдар пайда болды. Енді олардың Қазақстан халқына құрмет көрсетіп, оған жүйелі және тұрақты негізде көмектесетін кезі жетті деп санаймын. Сондықтан Үкімет компаниялар тобын анықтап, қорға жыл сайын аударылатын жарналар мөлшерін бекітуі керек. Оған қоса, үлкен қаражатқа ие болып, көлеңкеде жүрген тұлғалардың да белсенді қатысуын күтемін. Бұл қор қоғамды топтастырудың тағы бір құралына айналып, азаматтарда әлеуметтік әділет сезімін нығайта алатынына сенімдімін», - деп түйіндеді Қ.Тоқаев.






 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,313 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.