ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Билік / Мемлекет басшысы қаржы-экономикалық мәселелер жөні...

Мемлекет басшысы қаржы-экономикалық мәселелер жөнінде кеңес өткізді

Билік 30.03.2022, 10:48 1,279
Мемлекет басшысы қаржы-экономикалық мәселелер жөнінде кеңес өткізді
Сурет: Akorda.kz.
Жағдай күн сайын өзгеруде, өте құбылмалы кезең.

Жағдай күн сайын өзгеруде, өте құбылмалы кезең.


Ақорда резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен қаржы-экономика саласындағы мейлінше өзекті мәселелер жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы әлемдегі геосаяси жағдайдың құбылмалы болуы біздің экономикамызға айтарлықтай әсер еткенін атап өтіп, мемлекеттік органдардың үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі қажет екенін айтты.



«Жағдай күн сайын өзгеруде, өте құбылмалы кезең. Сондықтан біз барлық сын-қатер мен мүмкіндікті нақты әрі тез анықтап, әр қадамымызды нық басуымыз керек. Қабылданатын шешімдер барынша салмақты болғаны жөн. Бірақ, созбалаңға салмай, шұғыл шараларды қолға алуымыз керек. Қағазбастылыққа жол бермеу қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.




Жиын барысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов экономиканың қазіргі жағдайы мен оның дамуына қатысты болжамдар туралы баяндады. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясаты жөнінде есеп берді. Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2022 жылға арналған республикалық бюджеттің нақты параметрлері жайында мәлімет берді.



 Сонымен қатар іс-шарада бюджет шығындарын оңтайландыру, көктемгі егіс науқанына дайындық барысы, экспорт саясатын дамыту, инвестиция тарту және көлік логистикасын жетілдіру, сондай-ақ Халықтың табысын арттыру бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.


Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Үкімет пен Президент Әкімшілігіне еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне қатысты бірқатар тапсырма берді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.