ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Билік / Мемлекет басшысы Польша Сенатының Маршалы Томаш Гр...

Мемлекет басшысы Польша Сенатының Маршалы Томаш Гродзкийді қабылдады

Билік 09.11.2021, 13:03 1,120
Мемлекет басшысы Польша Сенатының Маршалы Томаш Гродзкийді қабылдады
Сурет: Аkorda.kz
Қазақстан Президенті Польша Республикасы Сенатының Маршалы Томаш Гродзкийді қабылдады

Қазақстан Президенті Польша Республикасы Сенатының Маршалы Томаш Гродзкийді қабылдады




Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Польша Республикасы Сенатының Маршалы (Спикері) Томаш Гродзкиймен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымықтастықты дамыту перспективасы талқыланды.



– Парламенттің бұрынғы спикері ретінде парламентаралық дипломатияны дамытуға баса мән беремін. Елдерімізді бұрыннан бері келе жатқан достық және көптеген бағыттар бойынша ынтымақтастық байланыстыратынын атап өткім келеді. Польшаны Қазақстанның Орталық Еуропадағы маңызды әрі сенімді серіктесі деп білеміз. Польшада болып жатқан жағдайды жіті бақылап отырамыз. Сіздің еліңізге және халқыңызға зор құрметпен қараймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Қазақстан Президенті мемлекет басшылары арасында сенімді диалог орнағанын және осындай қарым-қатынастар екі елдің заң шығарушы органдары деңгейінде де жалғасатынын атап өтті.



– Ынтымақтастығымыздың келешегі зор деп ойлаймын. Сіздің сапарыңыз – осы өзара ауқымды ықпалдастықтың айқын дәлелі, – деді Қазақстан Президенті.



Өз кезегінде Томаш Гродзский Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс білдіріп, Қазақстан Парламенті қос палатасының төрағаларымен табысты кездесулер өткізгені туралы айтты.  



– Қазақстанға сапарымыз екі ел арасындағы өзара байланысты дамытуға тың серпін береді деп ойлаймын. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Сіздердің елдеріңіздің даму қарқыны таңғалдырғанын шынайы түрде мойындаймыз. Бұл Қазақстанның Тұңғыш Президентінің көрегенділігінің арқасында жүзеге асырылды. Халықтарымыз экономикалық дағдарыстың күрделі кезеңінде дами бастады. Қазақстанды дамыту, Нұр-Сұлтан қаласын өркендету және еліңізде демократияны қалыптастыру жолындағы жеткен жетістіктеріңіз бізге ерекше әсер етті, – деді Польша Сенатының спикері.



Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, инфрақұрылымдық және білім беру салалары бойынша байланыстарды дамыту әлеуеті атап өтілді.


Томаш Гродзкий Ақмола облысына сапармен барып, ондағы поляк диаспорасы өкілдерімен өткізген кездесуіне қатысты ой-пікірін ортаға салды. Польша Парламенті жоғарғы палатасының басшысы депортация жылдарында қазақ халқының достық ниеті мен қонақжайлылығының арқасында Қазақстан поляктардың екінші Отанына айналғанын атап өтті.  






Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.