ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет басшысы Орталық Азия экологиялық зерттеул...

Мемлекет басшысы Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтын аралап көрді

Әлеумет 01.06.2022, 10:21 1,165
Мемлекет басшысы Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтын аралап көрді
akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік заманауи технологиялармен жабдықталған институттың жаңа ғимаратына барып, мекеме жұмысымен танысты. Бұл ғимарат өзін-өзі сумен және электр қуатымен толық қамтамасыз...

Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік заманауи технологиялармен жабдықталған институттың жаңа ғимаратына барып, мекеме жұмысымен танысты. Бұл ғимарат өзін-өзі сумен және электр қуатымен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Іргесі 2012 жылы қаланған институт қоршаған ортаны қорғау және ESG – экология, әлеуметтік саясат және корпоративтік басқару саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.


Президентке институт жұмысындағы мұнай-химия өнеркәсібінің қалдықтарын қайта өңдеу, су қоймаларын тазалау және су қорын жинау, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту сияқты негізгі үш бағыт таныстырылды. 



Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий итбалығының азайып кету себебін зерделеп, осы бағытта іргелі зерттеулер жүргізу қажет екенін атап өтті. Президент осы өзекті мәселені өз бақылауына алатынын айтты.


120-дан астам ғалым мен сарапшы қызмет ететін институттың заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген жеке зертханасы бар. Жетекші халықаралық ғылыми орталықтармен белсенді ынтымақтастық орнатқан зерттеу мекемесінің басшылығы отандық компаниялардың стратегиясы мен қызметіне ESG қағидаттарын енгізуге атсалысып жатқанын жеткізді.


Мемлекет басшысына өзекті экологиялық мәселелерге қатысты бірқатар технология әзірленгені жөнінде баяндалды. Құрылтайшылардың айтуынша, мұнай-газ өнеркәсібінің топыраққа, жануарлар дүниесіне және жалпы қоршаған ортаға тигізетін зиянын жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан аталған институтта топырақты мұнай өнімдерінің зиянды әсерінен залалсыздандыру әдістері әзірленіп, патенттелген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.