AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімін қабыл...

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімін қабылдады

Әлеумет 17.03.2022, 11:54 1,112
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімін қабылдады
Сурет: Akorda.kz.

Елорданы дамыту мен абаттандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берілді.


Президентке биыл 28 500 жұмыс орнын ашу жоспарланып отырғаны баяндалды. Оның 24 мыңы тұрақты жұмыс орны болмақ. Сонымен қатар инженерлік желілерді жаңғырту, көпірлер мен жолдардың құрылысы, тұрмысы төмен азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері туралы айтылды.


Қала әкімінің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, тұрғын үйлер жағдайын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, кезекте тұрған азаматтарға әлеуметтік пәтерлер салынуда. Бұдан бөлек, биыл 300-ден астам отбасы апатты жағдайдағы тозығы жеткен тұрғын үйлерден көшіріледі. 16 мың үлескердің 13 мыңының мәселесі шешіліп, құрылысы ұзаққа созылған нысандардың жұмысын аяқтауға инвесторлардың жеке қаражаты тартылған. Сонымен қатар білім беру орындары, медициналық орталықтар және басқа да әлеуметтік нысандар салынады.


Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдіктің жұмысын мақұлдап, елорданы дамыту мен абаттандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #Қазақстан #президент #әкім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);