AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / Мемлекет басшысы награда тапсырды

Мемлекет басшысы награда тапсырды

Ресми бөлім 26.05.2025, 12:09 683
Мемлекет басшысы награда тапсырды
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Равиль Шырдабаевқа «Отан» орденін, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Тоқпановқа I дәрежелі «Барыс» орденін салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

✔️Іс-шарада сөйлеген сөзінде Президент халқымыз Равиль Шырдабаевты егемендік жылдарынан бастап елдік істерге белсене қатысқан әрі мемлекеттігімізді нығайтуға зор үлес қосқан азамат деп айрықша құрметтейтінін айтты.

"Әсіресе, мұнай-газ саласын өркендетуге мол еңбек сіңірдіңіз. Сіздің бастамаңызбен бұл сала жаңа кезеңге қадам басты деуге болады. Министр, облыс әкімі, депутат ретінде ұлт мүддесіне адал қызмет еттіңіз. Дипломатия саласында жұмыс істеп, еліміздің халықаралық беделін нығайтуға атсалыстыңыз. Сондай-ақ сіз – мұнай өндірісіне арналған бірнеше ғылыми еңбектің авторысыз. Халқымыз «Еңбегімен ер сыйлы» деген. Сіздің ерен еңбегіңіз – өскелең буын үшін үлгі-өнеге", – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Президент білікті дәрігер, «алтын қолды хирург» ретінде Серік Тоқпановтың саналы ғұмырын ұлт саулығы үшін еңбек етуге арнағанына тоқталды.

"Денсаулық сақтау жүйесінде елу жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келесіз. Дәрігер болу – мамандыққа адал болу деген сөз. Бұл – жүгі ауыр, күрделі жұмыс. Сіз еңбек жолыңызда аса күрделі оталар жасап, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалдыңыз. Нағыз жанашыр дәрігер болдыңыз. Қазақстанның медицина ғылымын дамытуға орасан зор үлес қостыңыз. Сіздерге берілетін бүгінгі жоғары мемлекеттік марапат – ел игілігі үшін жасалған табанды еңбектің лайықты жемісі. Бұл – жұртымыздың шынайы ықыласы және зор алғысы", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Равиль Шырдабаев пен Серік Тоқпанов жоғары мемлекеттік марапаттарға лайық көргені үшін Президентке алғыс айтты.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қасым-Жомарт Тоқаев #мемлекет #награда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);