AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Иран Президенті Ибрахим Раисимен...

Мемлекет басшысы Иран Президенті Ибрахим Раисимен кездесті

Саясат 16.09.2022, 14:21 1,686 Almaty-akshamy
Мемлекет басшысы Иран Президенті Ибрахим Раисимен кездесті
Сурет: Ақорда

Екі ел арасындағы көлік-транзит дәлізі табысты дамып келеді


Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисимен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Кездесуде Қазақстан Президенті биыл маусым айында өзінің Тегеранға жасаған сапарын ықыласпен еске алып, қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін Үкіметке тиісті тапсырмалар берілгенін атап өтті.


Қазақстан тарапы қысқа мерзімде Иранға жеткізілетін тауарлар тізімін әзірлеген. Сондай-ақ біздің еліміз Иран тарапының да осындай тауарлар тізімін қарастыруға және қолдауға дайын. Бұл екіжақты сауда-саттық көлемін 3 миллиард долларға дейін арттыру жөніндегі мақсатқа қол жеткізуге септігін тигізеді.


Президент маусым айында Тегеранда екі ел басшылары негізін қалаған көлік-транзит дәлізінің табысты дамып келе жатқанына көңілі толатынын жеткізді.


Кездесуде транзиттік жүк тасымалын одан әрі ұлғайту мақсатында «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» теміржол тармағының әлеуетін дамытудың маңыздылығы, сондай-ақ Каспий маңы елдерінің порттары арасындағы тұрақты паром қатынасының мүмкіндіктерін пайдалану қажеттігі атап өтілді.


Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласындағы екіжақты байланыстарды нығайтудың маңызды екеніне тоқталды. Қазақстан екі ел халқы үшін маңызды тарихи тұлғаларға қатысты бірлескен зерттеулер ұйымдастыру жөніндегі Иранның бастамасын қолдады.


Қазақстан Президенті Иранның ШЫҰ-ға толыққанды мүше болуға деген ниетін құптады және Ислам Республикасының аталған ұйымға қосылуы өңірлік өзара іс-әрекетті жандандырып, оның жұмысына тың серпін беретініне сенім білдірді.


Өз кезегінде Иран Президенті елдеріміздің сауда-экономикалық мүмкіндіктері мол екенін, сондай-ақ ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Ибрахим Раиси қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижелері келешектегі өзара тығыз іс-әрекеттің берік іргетасы болатынына сенім білдірді.


Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Иранмен арадағы ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға бейілді екенін айтып, Ибрахим Раисиді елімізге қарымта сапармен келуге шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Иран #Тоқаев #транзит
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);