ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Мемлекет басшысы Халықаралық шахмат федерациясының...

Мемлекет басшысы Халықаралық шахмат федерациясының президентін қабылдады

Спорт 29.09.2022, 07:17 1,387
Мемлекет басшысы Халықаралық шахмат федерациясының президентін қабылдады
Сурет: Akorda.kz
Елімізде 200 мыңнан астам адам шахматпен айналысады.

Елімізде 200 мыңнан астам адам шахматпен айналысады.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворковичті қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаев Аркадий Дворковичті Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті лауазымына жуырда қайта сайлануымен құттықтады.


Кездесу барысында Мемлекет басшысына Астанада әлемнің 12 мықты шахматшысының басын қосқан ФИДЕ Гран-при әйелдер сериясының бірінші кезеңінің өткізілуі туралы мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев осындай деңгейдегі іс-шараларды өткізу еліміздегі шахмат спортының дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті.



«Қазақстанда шахмат кеңінен танымал, әсіресе, балалар мен жастар арасында. Бізде 7 мыңнан астам секция жұмыс істейді, дегенмен бұл көрсеткішті кемінде екі есе арттыруға тиіспіз. Қазір шахматпен 200 мыңнан астам адам айналысады. Қазақстандық шахматшылар халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетіп жүр. Біз бұл спортты қолдауға баса мән береміз. Шахматты дамытудың Жол картасы әзірленді. «Мектептегі шахмат» ауқымды жобасын жүзеге асыру жоспарлап отыр», – деді Мемлекет басшысы.



Өз кезегінде Аркадий Дворкович Қазақстанда шахматты жеке қолдағаны және танымал спортқа айналдырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, ФИДЕ шахматты мектеп бағдарламасына енгізу жөніндегі халықаралық тәжірибесін бөлісуге дайын екенін жеткізді.


Сонымен қатар олар Қазақстан мен ФИДЕ арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық мәселелері жөнінде пікір алмасып, елімізде ірі халықаралық турнирлер өткізу перспективаларын талқылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.