AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Мемлекет басшысы Халықаралық хоккей федерациясының...

Мемлекет басшысы Халықаралық хоккей федерациясының президенті Люк Тардифті қабылдады

Билік 15.09.2022, 06:57 1,322
Мемлекет басшысы Халықаралық хоккей федерациясының президенті Люк Тардифті қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Спорт инфрақұрылымдарының мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.


Кездесуде хоккей спортын дамытудың және кеңінен танытудың перспективалары, сондай-ақ елімізде ірі халықаралық турнирлер өткізу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаев Люк Тардифке Қазақстан хоккейінің жетістіктері, отандық спортты дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар мен спорт инфрақұрылымының мүмкіндіктері туралы айтты.


Мемлекет басшысы елімізде хоккей спортына қызығушылық артып келе жатқанын, балалар мен жасөспірімдерге арналған хоккей мектептері мен жастар командаларының саны көбейгенін атап өтті. Бүгінде спорттың осы түрімен 14 мың аса адам шұғылданады.


Кездесу барысында спорт инфрақұрылымдарының мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Осы ретте Президент еліміздің 2027 жылы әлем чемпионатын өткізуге жолдаған өтінімі 2023 жылы мамырдағы дауыс беру кезінде қолдау тапса, Қазақстанның осы шараны ұйымдастыруға дайын екенін айтты.


Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық хоккей федерациясы өз тарихында Азия құрлығында ешқашан жоғары деңгейдегі чемпионаттар өткізбегенін атап өтті.


Халықаралық хоккей федерациясының президенті кездесуге мүмкіндік бергені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Қазақстанда хоккей спортын дамытуға көңіл бөлініп жатқанын жоғары бағалады. Сондай-ақ еліміз халықаралық жарыстарды өте жоғары деңгейде өткізуге қажет барлық инфрақұрылымға ие екенін жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Қазақстан #Тоқаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);