ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Мемлекет басшысы Еуропалық кеңестің президенті Шар...

Мемлекет басшысы Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишельмен бейнебайланыс режимінде екіжақты келіссөз жүргізді

Мұны білген жөн 10.01.2022, 15:07 1,224
Мемлекет басшысы Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишельмен бейнебайланыс режимінде екіжақты келіссөз жүргізді
Сурет: Аkorda.kz
Виртуалды кездесу еуропалық тараптың бастамасымен өтті

Виртуалды кездесу еуропалық тараптың бастамасымен өтті


Өзара достық пен сенімге негізделген әңгімелесу барысында тараптар Қазақстандағы қазіргі ішкі саяси ахуалды және Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық серіктестіктің даму перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Аkorda.kz-ке сілтеме жасап



Шарль Мишельдің өтініші бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі қазіргі оқиғалардың себептері мен қабылданып жатқан мемлекеттік шаралар жөнінде мәлімет берді. Президент конституциялық құрылысқа нұқсан келтіріп, мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылған террористер мен бұзақылардың зорлық-зомбылық әрекеттері туралы айтты.


Президент болған қайғылы оқиғаларды аса ауыр агрессиялық акт және мемлекеттілігімізге жасалған қастандық деп атады. Сондай-ақ лаңкестердің зорлық әрекеттері салдарынан көптеген құқық қорғау қызметкерілері мен бейбіт тұрғындардың құрбан болғанын, 1300-ге жуық кәсіпкерлік нысанға залал келгенін, 100-ден астам сауда орталығы мен банктердің тоналғанын, 500-ге жуық полиция машинасы өртенгенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағалауынша, мемлекеттің алдын ала экономикалық шығыны 2-3 миллиард АҚШ долларын құрайды.



– Мұның террорлық шабуыл екеніне ешқандай күмәнім жоқ. Бұл – Қазақстанға қарсы жақсы ұйымдасқан, әбден дайындалған агрессиялық акт. Шабуыл жасағандардың ішінде басым көпшілігі Орталық Азия елдерінен, оның ішінде Ауғанстаннан келген шетелдік содырлар бар. Сонымен қатар арасында Таяу Шығыстан келген содырлар да бар. Олардың  пиғылы біздің аумақты бақылауда ұстайтын хаос аймағына айналдыру, содан кейін билікті басып алу болды. Сондықтан Қазақстанда лаңкестікке қарсы операция басталды, – деді Мемлекет басшысы.




Қасым-Жомарт Тоқаев ел аумағына ҰҚШҰ-ның бітімгерлік күштері құрамының орналастырылуы жөнінде нақты түсіндірме жасады.



– Бітімгерлік күштері әскери операцияларға қатыспайтынын ашып айтқым келеді. Олардың негізгі міндеті – Алматы қаласы мен Қазақстан астанасындағы стратегиялық нысандарды қорғау. Бұл қазақстандық күштік құрылымдардың лаңкестерге қарсы іс-қимылдарын жүзеге асыруына мүмкіндік береді. ҰҚШҰ-ның бітімгерлік күштері ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың 2-ші және 4-ші баптарына сәйкес орналастырылды. Олар Қазақстандағы жағдай толық тұрақтанғанша болады, – деді Қазақстан Президенті.    



Мемлекет басшысы Қазақстан өзінің халықаралық міндеттемелерін сақтауға бейіл екенін атап өтіп, Еуропалық Одақтың институттарымен және оған мүше мемлекеттермен арадағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайындығын нақтылады.



Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәліметін мұқият тыңдаған Шарль Мишель еліміздегі соңғы оқиғалар туралы егжей-тегжейлі білуге мүмкіндік берген осы виртуалды кездесудің зор пайдасы болғанын айтты. Ол Қазақстандағы оқиғаларға қатысты әртүрлі түсіндірмелерден гөрі осылай шынайы ақпарат алудың маңызды екеніне тоқталды.



– Біз Сіздің еліңіздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдаймыз. Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайынбыз, – деді Еропалық кеңестің президенті.



Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар сыртқы құрылымдар деңгейінде тұрақты байланыс жасап тұруға уағдаласты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.