ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Джеймс Клеверлиді қабылдады

Мемлекет басшысы Джеймс Клеверлиді қабылдады

Саясат 18.03.2023, 15:30 1,481
Мемлекет басшысы Джеймс Клеверлиді қабылдады
Сурет: Ашық дереккөз
Ұлыбритания Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларды оң бағалайды

Ұлыбритания Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларды оң бағалайды


Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Ұлыбритания министріне ілтипат білдіре отырып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін оның бүгінгі сапарының мәні зор және өңірлік ауқымдағы маңызды оқиға екеніне назар аударды.



«Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға тың серпін береді. Мен Сіздің жақында Сыртқы істер министрлігінде сөйлеген сөзіңізді тыңдадым. Онда Ұлыбританияның сыртқы саясаттағы ұзақ мерзімді ұстанымы қамтылды және шын мәнінде, өте маңызды мәселелер айтылды», – деді Мемлекет басшысы.



Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.



«Біздің ынтымақтастығымыз, әсіресе, экономика және саяси салаларда өте табысты деп баға бергім келеді. Өзара байланыстарымыздың оң бағытын одан әрі ілгерілету үшін қосымша күш-жігер жұмсауымыз керек», – деді Президент.



Әңгімелесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Риши Сунаққа сәлемі мен ізгі тілегін жолдады. Сондай-ақ Ұлыбритания Үкіметінің басшысын елімізге өзіне ыңғайлы кез келген уақытта сапармен келуге шақырды. Бұл сапар екіжақты қатынастарды нығайтуға бағытталған бірқатар нақты мәселені талқылауға жақсы мүмкіндік беретінін атап өтті.


Өз кезегінде Джеймс Клеверли Астана мен Лондон арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, Ұлыбритания Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларды оң бағалайды.



«Сіздің еліңіз – аймақтағы біздің негізгі сауда серіктесіміз. Экономикалық өсімге бағытталған жоспарды жүзеге асыру мақсатында бірлесіп жұмыс істеу үшін жақсы мүмкіндік бар екенін көріп отырмыз. Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан салық саласындағы реформалар бағдарламасы өзара тиімді экономикалық қатынастарды нығайтуға ықпал етеді деп ойлаймын», – деді Ұлыбритания министрі.



Сонымен қатар кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джеймс Клеверли өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.