AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал...

Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады

Саясат 09.07.2024, 16:06 892 Almaty-akshamy.kz. 
Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады
Ақорда

Мемлекет басшысына Денсаулық сақтау министрі ведомствоның жұмысы және денсаулық сақтау жүйесін дамыту жоспарлары туралы баяндады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

 Қазіргі уақытта болжамды өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші 75 жастан асатыны жөнінде айттылды. Жыл басынан бері инфекциялық аурулардың 21 түрі бойынша, соның ішінде коронавируспен сырқаттану көрсеткіштері төмендеген. Вакцинациялау және профилактикалық іс-шараларды жүргізу жұмыстары жайын сөз етті.  

Медициналық қызметтің сапасын және қолжетімділігін арттыруға баса назар аударылғаны туралы есеп берілді. Алғашқы және стационарлық медициналық көмекті ұйымдастырудың тәсілдері қайта қаралу барысына тоқтады. Сондай-ақ диагностикалық және емдеу стандарттары жаңартылып, саланың кадрлық әлеуеті нығайып жатқанына тоқталды. 

Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сатып алу жүйесінің тиімділігі мен ашықтығы қамтамасыз етіліп жатқаны туралы айтты. Бұдан бөлек, медициналық мекемелер жұмысының тиімділігін арттырып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға бақылауды жақсарту үшін заманауи цифрлық технологиялар әзірленген. Олар қолданысқа енгізілу үстінде кенін баяндады.

Жаңа медициналық нысандар салу және сала қызметтерінің сапасын одан әрі арттыру мәселелері қамтылған Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2025-2030 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы ақпарат берді. Қабылданған осы тұжырымдама аясында денсаулық сақтау ұйымдарының оңтайлы және тиімді желісін құруға бағытталған 34 негізгі жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы ана мен бала өлімінің көрсеткіштерін төмендету бойынша жұмысты жалғастыру қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар медициналық көмек көрсетудің мейілінше нәтижелі болуына назар аудара отырып, денсаулық сақтау жүйесін сапалы түрде қайта құру керектігіне тоқталды. Сондай-ақ салаға, оның ішінде дәрі-дәрмекке бөлінетін қаражаттың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету жөнінде міндеттер жүктеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#денсаулық #министр #президент #әлеумет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);