конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары салас...

Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтар мен гранттар тапсырды

Әлеумет 27.06.2023, 08:26 1,112
Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтар мен гранттар тапсырды
akorda.kz

Отандық бұқаралық ақпарат құралдары ұлттық брендімізді ілгерілетуге үлкен үлес қосуда. Бұл пікірді Президент БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды тапсыру кезінде айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«Бүгін еліміз өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты. Өткен жылы жүргізілген реформалар саяси жүйені жетілдіруге, әрі қарайғы қайта құруларға жол ашуға мүмкіндік берді. Мемлекет, медиа және қоғам арасындағы өзара іс-қимыл әділ Қазақстан құру ісінде берік іргетас болуға тиіс. Бұл ынтымақтастық ашықтық, сенім және адалдық принциптеріне негізделуі керек», - деді Мемлекет басшысы.



Президент бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық сананы жаңартуда, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруда шешуші рөл атқаруы керегін баса айтты.


Сондықтан журналистердің қоғамда еңбек пен кәсіпқойлық культін орнатуға, азаматтардың өз елінің тағдырына жауапкершілікпен қарауын дамытуға жәрдемдесуі маңызды.



«Ол үшін белсенді патриотизм мысалдарын көрсетіп, заманымыздың жалпыұлттық құрметіне лайық шынайы кейіпкерлерін табу керек. Өзін толығымен өз ісіне арнайтын, кәсіпкерлік пен табандылық танытатын адамдар көпшіліктің назарында болуы керек. Отандық бұқаралық ақпарат құралдары біздің ұлттық брендімізді ілгерілетуге үлкен үлес қосуда. Сіздер еліміздің бай тарихи-мәдени мұрасы мен бірегей табиғатын көрсететін қызықты мақалалар мен шығармашылық сюжеттер жасайсыздар. Бұл адамдарға, оның ішінде шетелдік аудиторияға Қазақстанды жақсы білуге және түсінуге, оның әлеуетін толық бағалауға көмектеседі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Президентжурналистер #сыйлықтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);