AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет басшысы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталы...

Мемлекет басшысы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына барды

Әлеумет 30.12.2022, 10:02 1,574
Мемлекет басшысы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына барды
Сурет: Akorda.kz.

Президент балалармен және олардың ата-аналарымен әңгімелесті.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаев осы орталықтағы Смарт сыныптың жұмысымен танысты. Ем алып жатқан балалар оқудан қол үзіп қалмауы үшін «Ақылды сынып» ұйымдастырылған. Мұнда мектеп бағдарламасына сәйкес математика, тарих және басқа да пәндер оқытылады. Сондай-ақ музыканың және ертегілердің көмегімен терапия сабақтары, түрлі шығармашылық ойындар мен шахмат үйірмесі қарастырылған.


Президент республиканың әр өңірінен келіп, ем алып жатқан балалармен және олардың ата-аналарымен әңгімелесті. Мемлекет басшысы жеткіншектердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар жылының аясында білім, денсаулық сақтау, спорт және басқа да салаларда жеткіншектерге көңіл бөлінгенін айтып, бұдан әрі де қолдау шаралары жалғасатынын жеткізді.


Президентке балалар бөлімшелерінде 351 бала ем алып жатқаны туралы баяндалды. Биыл бұл жерде 18 мыңға жуық бала емделген. Кейінгі үш жылда Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына 30-дан астам жаңа медицина технологиясы енгізіліп, мамандары шетелде біліктілігін жетілдірген.


Кездесу соңында Президент балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, барлығына сыйлық үлестірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #президент #бала #ана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);