AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мектептерде буллингке қарсы бағдарлама пилоттық ре...

Мектептерде буллингке қарсы бағдарлама пилоттық режимде жүзеге асырылмақ

Әлеумет 04.02.2024, 13:55 1,319
Мектептерде буллингке қарсы бағдарлама пилоттық режимде жүзеге асырылмақ
primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және буллингке қарсы шаралар жайы талқыланды. Оған салалық министрліктер өкілдері, облыс әкімдерінің жауапты орынбасарлары және Балалар құқығы жөніндегі уәкіл қатысты.



Елімізде зорлық-зомбылық және буллингтен жапа шеккендерге көмек беру жөніндегі кешенді бағдарлама әзірленіп жатыр. Мүдделі мемлекеттік органдар, ғалымдар, қоғам белсенділері мен сарапшылардан тұратын жұмыс тобы бұл бағытта елде атқарылып жатқан жұмыстармен қатар, халықаралық тәжірибені де зерттеген.


Буллингке ұшыраған немесе куә болғандарды анықтау мен оларға қолдау көрсету әдістемесі қабылданған. 111 нөмірі бойынша байланыс орталығы жұмыс істеуде. Әдістемеге сәйкес мамандар қысым жасаған тараппен де, буллингке ұшыраған жақпен де жұмыс жасайды. Бұдан бөлек «Назарбаев Зияткерлік мектептерімен» бірлестікте Финляндияда оң нәтиже көрсеткен KiVa бағдарламасын пилоттық режимде жүзеге асыру көзделген. 



«Алғашқы кезеңде елде 100-ден астам мектеп таңдалып, тиісті шаралар кестесі әзірленген. Әдістеме мазмұны бейімделіп, мамандар оқытылып жатыр. Пилот алдағы оқу жылынан бастап жүзеге асырылатын болады. Сынып сағаттарының тақырыптары белгіленді. Егер бағдарлама нәтижелі болса, тәжірибе өзге білім ошақтарына таратылатын болады», — деді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин. 




Буллингке қарсы шаралар аясында өңірлік психологиялық қолдау орталықтарының қатарын көбейтіп, жұмысын күшейту мақсаты қойылды. Кризистік жағдайда демеу болар мекемелер елдің барлық аймағында ашылуы керек. Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан келтірген дерекке сай облыстар бұл жұмысты маусым айына дейін аяқтайды. Осы ретте жергілікті әкімдіктерге бекітілген кестеге сай ұйымдастыру шараларын қолға алып, орталықтардың тиісті жабдықталуын қадағалау тапсырылды.



«Зорлық-зомбылық пен буллингтен жапа шеккендерге қолдау көрсету кабинеттері мен орталықтардың жұмысы маңызды. KiVa бағдарламасын пилоттық режимде жүзеге асыру үшін қажетті шараларды қолға алуды тапсырамын. Оған қатысатын білім ошақтарын таңдау критерийлерін мұқият қарастыру қажет. Бұл жұмыс екі апта ішінде атқарылуы шарт. Таңдалған мектептермен шектелмей, “Назарбаев зияткерлік мектептері” базасында тиісті ұстаздарды оқыту жағын қатар қарастырған жөн. Бұған мүдделі мемлекеттік органдармен қатар, облыс әкімдіктері бірлесе араласуы қажет», — деді Тамара Дүйсенова.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дүйсенова #буллинг #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);