конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Мектептегі дене шынықтыру сабағына өзгеріс енгізіл...

Мектептегі дене шынықтыру сабағына өзгеріс енгізілді

Білім және ғылым 18.08.2022, 06:52 1,689
Мектептегі дене шынықтыру сабағына өзгеріс енгізілді
Сурет: КазТАГ

Мұғалім сыныпты гендерлік принцип бойынша топтарға бөле алады.


2021 жылдан бастап енгізілген тағы бір жаңалық – дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне 3 сағаттық спорт секциясын өткізгені үшін жалақысына қосымша 100% төлемнің берілуі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Мектепке дейінгі және орта білім комитетіне сілтеме жасап.


Жаңа оқу жылында дене шынықтыру сабағында бірқатар өзгеріс болады.


Біріншіден, балаларға мемлекеттік тапсырыс арқылы жеке ұйымдардағы үйірмелер мен спорт секцияларына қатысуға қосымша мүмкіндік беріліп отыр.



«Демек, балалар дене шынықтыру сабақтарында аптасына үш рет дене шынықтырумен айналысады, сондай-ақ кесте бойынша спорт секцияларына қатыса алады», - делінген ресми хабарламада.



2021 жылдан бастап енгізілген тағы бір жаңалық – дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне 3 сағаттық спорт секциясын өткізгені үшін жалақысына қосымша 100% төлемнің берілуі. Оқушылар осы секцияларға да қатысады. Бұның барлығы оқу жоспарларының жүктемесін асырмай, балалар арасында бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасайды.


Ал дене шынықтыру сабақтарының санына қатысты өзгеріс жоқ. Жаңа оқу жылында 1-11 сынып оқушылары бұрынғыдай аптасына үш сағатты дене шынықтыру сабағына арнайды. Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес, бір сыныптың барлық оқушысы дене шынықтыру сабағына қатысады. Бірақ мұғалім балаларды бірнеше топқа бөле алады.



«Бұл ретте мектеп бағдарламаларында қыздар мен ұлдардың дене шынықтыру жаттығуларының жекелеген нормативтері бар, олар сабақта міндетті түрде сақталуға тиіс. Яғни, мұғалім сыныпты гендерлік принцип бойынша топтарға бөле алады. Мысалы, сабақта сынып қыздар мен ұлдар топтарына бөлінеді, ал мұғалім әр топқа жеке жаттығулар береді. Мұндай әдістемелік тәсілдерді сараланған әдісті қолдану қажет болғанда басқа пән мұғалімдері де пайдаланады», - дейді Комитет мамандары.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#дене #шынықтыру #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28

Бұл жай ғана дауыс беру емес: Алматыда жастар арасында жаңа электоралдық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 17:22

Ашықтық пен сенім: Алматыда Құрылтай депутаттарын сайлаудың ашықтығын қандай тетіктер қамтамасыз етеді

Бүгін 17:19

“Lotus Fest-2026”: 94 адам Run марафонына қатысты

Бүгін 17:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);