AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Мектепте алғашқы қоңырау салтанатты түрде өте ме?

Мектепте алғашқы қоңырау салтанатты түрде өте ме?

Білім және ғылым 05.08.2021, 11:45 2,370
Мектепте алғашқы қоңырау салтанатты түрде өте ме?
сурет: Zhetysu-media.kz

Салтанатты шара тек бірінші сынып оқушылары үшін өтетіні айтылды.


Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау мақсатында салтанатты жиын тек бірінші сынып оқушылары үшін өткізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz   Zhetysu Media-ға сілтеме жасап.


Zhetysu Media мәліметтерінде айтылғандай, Алматы облысында 446 мың оқушы мектеп қабырғасында білім алады деп күтілуде.  Оның ішінде 46,5 мың бөбек алғаш рет мектеп табалдырығын аттамақ.  Оқу жылындағы басты мәселе – кітап. Биыл бірінші сынып оқушылары үшін 48 407 оқулық жиынтығы сатып алынған. «Информатика» пәні бойынша жаңа оқулықтарды 3 сыныптың 47669 оқушысы, 7 сыныптың 43579 оқушысы, 8 сыныптың 40902 оқушысы алады.


Айта кетейік, оқулықтар 12 баспадан жеткізіледі. Барлық мектепте әр сыныпқа оқулықтарды беру үшін күні мен уақыты көрсетілген.



Жаңа оқу жылындағы жаңалықтарға келер болсақ, бірінші сыныпта «Әліппе», «Ана тілі», «Букварь», «Сауаттылыққа оқыту», «Цифрлық сауаттылық» пәндері енгізіледі.


 «Пандемияға дейін мектеп формасын кию міндетті болды. Бірақ өткен жылы барлық жағдайларды ескере отырып, оқушыларға мектепке тек мектеп формасында ғана емес, сонымен қатар классикалық стильдегі киімде де келуге мүмкіндік беретін шешім қабылданды. Биылғы оқу жылында тағы бір жылға мектеп формасын киюді міндетті емес ету туралы шешім қабылданды. Балалар уақытша, тек келесі оқу жылында мектепке мектеп формасында ғана емес, сонымен қатар классикалық стильдегі киімде де бара алады», — Алматы облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Сәуле Нұрханқызы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Пандемия #алғашқы қоңырау #мектеп #пән #мектеп формасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);